Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада жалған ақша жасағандар бас бостандығынан айрылды

Қызылордада жалған ақша жасағандар бас бостандығынан айрылды

  Қызылорда облысында жалған ақша жасап, қолға түскен қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қылмыстық топ құрамында екі адам болған. Олардың бірі 2017 жылдан бері құндылығы 10 мың теңгелік және 100 долларлық банкноттарды жасаумен айналысқан. Оны базарларда, сауда дүкендеріне өткізіп келген. Тергеу барысында Қызылорда қаласындағы сауда дүкені, дәмхана, жанармай бекеті, өзге де шаруашылық нысаны және азаматтарға жалған ақшаны өткізу жағдайы кездескені белгілі болды. Ал қылмыстық топтың тағы бір мүшесі аталмыш қолдан жасалған банкноттарды сақтаған. Оларды өткізуге қатысқан. «Олар жалған 10 мың теңгелік 143 дана және 100 АҚШ долларын салып көлікпен шыққан кезекті сапарында қолға түсті. Олардың жалған ақшаларды өткізу жағдайлары сот сараптамасы және куәгерлердің дәлелімен нақтыланды. Барлық әрекеті белгілі болды», - деді Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Бақыт Орданова. 
Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен олардың әрекеттері Қазақстан республикасы Қылмыстық кодексінің 231-бабының 2-бөлігі 1,2,3 тармақтары бойынша дәлелденіп, кінәлі деп танылды. Жалған ақша жасаушылар 5 жыл 3 айға бас бостандығынан айрылды. Жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтейтін болды.  Бұдан бұрын Қызылордада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар жазаланғанын хабарлаған едік.    
11 наурыз 2019 ж. 51 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (1519)

16 наурыз 2019 ж.

№19(1518)

12 наурыз 2019 ж.

№18 (1517)

07 наурыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 612 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам