Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Тереңнен сыр шерткен жәдігерлер

Тереңнен сыр шерткен жәдігерлер

   Тарих беттерін парақтай қалсаңыз, қазақ даласының қай жерінде де ата-бабалар өзге жұртпен терезесі тең деңгейде өмір сүргенін айғақтайтын дәлелдер жеткілікті. Өткенге көз жіберіп, біздің ұлтымыздың тарихта алатын орны қандай деген сауалға жауап іздейтін болсақ, ауыз толтырып айтарлық қаншама құнды қазынамыздың бар екені көрініп тұр.
Қарапайым жұрт «Сыр – Алаштың анасы» дейді. Расында, бұл сөздің жаны бар. Сыр жерінде қаншама көне шаһар орналасқан. Сондай-ақ тек қазақ үшін ғана емес, түбі бір түркі жұртына ортақ мәдени ескерткіштер де кездеседі. Осыдан кейін дария бойындағы тарихи өлкені бағаламай көріңіз. Елдің арасында «Сыр бойында мыңнан астам қала бар» деген әңгіме айтылады. Әрине, оны түгендеп, есеп-қисабын жасап қойған ешкім жоқ. Десе де сол сөздің жаны бар екенін кейбір жайлар дәлелдей түседі.
Елбасының бастамасымен қолға алынған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы тереңнен тартқан тарихымызды түгендеуге үлкен қолдау болып отыр. Бүгінгі таңда елімізде бұл бағытта нәтижелі жұмыстар қолға алынып келеді. Өзге елдердің ғалымдары тарапынан қызығушылық жоғары болып отырған талай тарихи оқиғалар біздің туған топырақта болғаны біздері үшін зор мақтаныш. Сондай құнды жәдігерлер ерте кезден түбі бір түркінің түпкі мекені атанған Сыр өңірінде де табылып жатыр. 
Жақында жергілікті археолог Әзілхан Тәжекеев Сыр өңіріндегі Жетіасар қалашығынан кезінде табылған қазақтың музыкалық аспабы – домбыраға ұқсайтын көне жәдігер туралы жария етті. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетініӊ Қазақстан тарихы кафедрасыныӊ аға оқытушысы, «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығыныӊ жетекшілік жасайтын жас ғалым осылайша жергілікті жұртқа жағымды жаңалықты жария етті.
Сыр өңірінде қаншама құпияны ішіне бүккен көне шаһарлар аз емес. Бүгінгі таңда сол киелі мекендерді ғалымдар тарапынан зерттеліп келеді. Мұндай ғылыми зерттеулер Кеңес одағы тұсында да жасалды. Дегенмен, онда жасалған кейбір жұмыстар жұртшылық назарынан тыс қалып қойды.
«1973 жылы Қызылорда облысы аумағында Хорезм экспедициясы арнайы зерттеу шараларын жүргізді. Сол жұмыстар барысында Жетіасап қалашығында да қажетті іс-шаралар атқарылды. Аталмыш шара барысында домбыраға ұқсайтын ұқсайтын дүние көзге түскен. Мен бұл жайында былтыр білдім. Архивте қажетті мәліметтерге көз салып отырған сәтте домбыраға ұқсайтын дүние назарымды ерекше аударды. Аспапта қасқырдың суреті ойылып салынған. Қазақ шертер мен домбыраның қосындысын қоссаз деп атайды. Табылған аспаптың ұзындығы 65 сантиметрге жуық. Демек, бұл аспап қоссаз домбыра болуы мүмкін және оның ежелгі түрлері болғанын дәлелдейді. Аспап біздің замандағы төртінші ғасырға жатады. Егер осы деректі нақтылай алсақ, Сыр өңірінде домбыраның ежелгі нұсқасы табылды деген сөз. Оны бабадомбыра атауға негіз бар» деді ол. 
Сондай-ақ, Қазалы ауданында орын тепкен Жанкент шаһарында үш түрлі мәдениеттің болғанын айғақтайтын бұйымдар табылды. Қызылордада өткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Сыр өңірінің түркі халықтарының тарихы, мәдениетіндегі алар орны» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясында бұл жаңалықты Германиядағы Тюбинген университетінің профессоры Генрих Харке жеткізді.
Қазіргі таңда Жанкент қалашығын Германияның Тюбинген университетінің профессоры Генрих Харке бастаған ғалымдар зерттеуде. Онда ғалымдар біздің тарихымыз үшін тың деректер болып табылатын көптеген құндылықтардың бетін ашуда.
«Жанкент қаласының тарихы сонау YII ғасырдан басталады. Табылған жәдігерлерге қарай отырып Жанкентте бірнеше этностар өмір сүрген деуге негіз бар. Қаладан үш түрлі мәдениеттің болғанын айғақтайтын бұйымдар табылды. Алдағы уақытта Жанкент қаласының сыртқы жағы зерттелмек. Жанкенттен көптеген аңдардың сүйектері табылды», - деді Германияның Тюбинген университетінің профессоры Генрих Харке.
Аталған конференцияға шетелдік және отандық түркітанушы ғалымдар қатысты. Олардың барлығы дерлік Сыр өңірінің тарихын, ежелгі дүниесін зерттеумен айналысып келеді. Ғылыми конференцияда сөз алған түрік профессоры Хулия Касапоглу «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бүкіл түркі халықтарына арналғандығын айтты.
«Елбасы Н.Назарбаев - бүкіл түркі жұртының көшбасшысы. Біз де рухани жаңғырып жатырмыз. Ақмешіт астана болған кезеңде Алаш қайраткерлерінің алғашқы кітаптары осы жерде жарық көрген. Міржақып Дулатұлы іздеп келген, қиналған шәкірттеріне жалақысынан қаржы беріп отырған екен. Сыр өңірі – Алаш қайраткерлерінің атамекені» деді Хулия Касапоглу.
Айта кетейік, облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы көне тарихи деректерді жинақтауды бастады. Қазіргі таңда орталық мамандары Жүсіп Баласағұнның «Құтағду білік» дастанының 3 нұсқасы, «Қорқыт ата кітабының» Ватикан, Дрезден нұсқалары, қазақ хандарының қолжазба хаттары, Қалжан ахун медресесінен табылған көне кітаптарын жинақтап, оларды аудару және түсіндірме сөздігін жасау жұмыстарымен айналысуда. Алдағы уақытта аталған еңбектердің электронды және баспа түріндегі жинағы жарыққа шығады.
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасында да ұрпаққа ұлағат боларлық талай мәселе кеңінен қамтылды. Бүгінде сол бағытта орайлы істер қолға алына бастады. Дархан дала төсінде арғымаққа алғаш аяқ артқан алаш баласы екенін қазір дүниежүзіндегі дүйім ел жақсы хабарлар болып отыр. Сондай-ақ, біздің кең байтақ жеріміз алма мен қызғалдақтың түпкі отаны екенін әлем ғалымдары мойындап отыр.
Әділет ТАЛАПТАН.
12 наурыз 2019 ж. 108 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (1537)

21 мамыр 2019 ж.

№37 (1536)

18 мамыр 2019 ж.

№36 (1535)

14 мамыр 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 3 295 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам