Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Тәртіп сақшылары үш жастағы баланы құтқарып қалды

Тәртіп сақшылары үш жастағы баланы құтқарып қалды

    Облыстың мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Абзал Мұхимов қауіпті жағдайдағы баланы құтқарып қалған тәртіп сақшыларын қабылдады.
Ақпан айының соңғы аптасында бұқаралық ақпарат құралдарында Қызылорда қаласында учаскелік полиция инспекторлары көпқабатты үйдің терезесі алдында тұрған үш жасар баланы құтқарып қалғандығы туралы ақпарат тарады.
Оқиға «Шұғыла» ықшам ауданында болған. Көпқабатты үйдің жоғарғы қабатының бірінде ашық тұрған терезенің жақтауында сәбидің отырғанын көрген полиция аға лейтенанты Жасұлан Сарбалаев газ құбыры арқылы жоғары өрмелеп, оны пәтерге алып түскен. Бұл уақытта полиция майоры Бауыржан Алдаберген баланың ата-анасын анықтауға кіріскен еді. Анықталғандай, анасы жұмыста болған. Әкесі есік алдындағы дүкенге шығып кеткен.
Қабылдау кезінде департамент басшысы полиция қызметкерлеріне алғыс білдіріп, қызметтеріне абырой тіледі.
– Сіздер жедел әрекет еткендеріңіздің арқасында үш жастағы сәбидің өмірін сақтап қалдыңыздар. Осы үшін өздеріңізге алғыс білдіруді жөн санадым. Бұл жағдай басқаларға үлгі болары сөзсіз, – деді ол.


12 наурыз 2019 ж. 76 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (1519)

16 наурыз 2019 ж.

№19(1518)

12 наурыз 2019 ж.

№18 (1517)

07 наурыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 612 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам