Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордалық полицейлер самбодан жеңімпаз атанды

Қызылордалық полицейлер самбодан жеңімпаз атанды

  Байқоңыр қаласында «Маяк» спорт кешенінде  әр түрлі салмақ дәрежесінде самбо жарысынан турнир өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарыс екі түрде спорттық самбо және жауынгерлік самбодан  60 келі салмақтан  бастап  92 келі салмаққа дейін өтті. Жарысқа Байқоңыр қаласында  орналасқан   құқық қорғау органдары өкілдері қатысты.          
1998 жылы қол қойылған Байқоңыр кешеніндегі халықаралық келісімге сәйкес, ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінен жауынгерлік самбодан 62 келі салмақта, Өкілдіктің Кезекші бөлімінің полицей-жүргізушісі полиция сержанты Нұрғали Сарсембаев және 90 келі салмақта жауынгерлік самбодан Өкілдіктің кадр жұмысы тобының инспекторы полиция лейтенанты Дидарбек Нұржігітов Қазақстан полициясының имиджін көтеру мақсатында Өкілдіктің атынан қатысты.
Жарыс екі қызметкерімізге оңай соққан жоқ, Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешеніндегі Ішкі істер басқармасының қызметкерлерімен боз кілемде жекпе-жекке түсіп, екі қызметкер де биік шыңдардан көрініп, финалға шықты.
Ақтық сайыста екі қызметкер жеңіске жетіп, өз салмақтары бойынша бірінші орындарды  иеленді. ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің екі қызметкері де Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешеніндегі Ішкі істер басқармасының басшылығы тарапынан марапатталды.

13 наурыз 2019 ж. 51 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (1519)

16 наурыз 2019 ж.

№19(1518)

12 наурыз 2019 ж.

№18 (1517)

07 наурыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 612 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам