Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Мүмкіндігі шектеулі қызылордалық Ернар Айдармен бірге ән салды

Мүмкіндігі шектеулі қызылордалық Ернар Айдармен бірге ән салды

   Қызылордалық Бақдәулет Әбділдаұлы Республика сарайында өткен қазақ эстрадасының жұлдызы Ернар Айдардың «Тамаша» мерекелік концертінде кеш иесімен дуэт орындады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
 Мүмкіндігі шектеулі Бақдәулет Әбділдаұлы мерекелік концертте Ернар Айдармен бірге «Тым болмаса» әнін орындады. Үлкен сахнада өнер көрсеткен қызылордалық жігіт ерекше әсерде екенін жеткізуде.
«Республика сарайының сахнасында ән айтқаныма өте қуаныштымын. Әнші Ернар Айдар ағамызға айтар алғысым зор. Мерекелік концерт өз атына сай тамаша, жоғары деңгейде өтті. Мені қолдап, үлкен сахнада өнер көрсетуіме көмек көрсеткендерге айтар алғысым шексіз», - дейді Бағдәулет Әбділдаұлы.
Қызылордалық бозбала өз сөзінде алдағы уақытта әншімен бірге бейнеклип түсіруді армандайтынын да айтты.  
Бақдәулет бұл мүмкіндікке Ернар Айдардың инстаграмм парақшасында жарияланған байқау барысында ие болған. Ол әншінің репертуарындағы бір әнді орындап, жеңімпаз атанған болатын. Әншінің де, оқырмандардың да таңдауы Бақдәулетке түскен.
«Ол өнерде де, өмірде де жеңімпаз жан. Сонау Қызылордадан арнайы келіп отырған Бақдәулетке құрмет-қошеметтеріңіз болсын. Бақдәулет өмірдің үлкен сынағында жүрсе де ән айтуын тоқтатпай, менің жариялаған байқауыма қатысқан болатын. Оқырмандарым да, өзім де бір ауыздан Бақдәулетті жеңімпаз деп таныдық», - дейді Ернар Айдар өзінің мерекелік концертінде.    
Алматы қаласында өткен мерекелік концертте ән айтқан Бақдәулетке жанкүйер ретінде бір топ сырбойылықтар да аттанған болатын. Олардың қатарында №11 мектеп-лицейдің директоры Батырбек Абиев, «Жылы жүрек жастар» еріктілер тобының жетекшісі Сағатбек Сиюов пен Бақдәулеттің ауылдас достары да бар.
Еске сала кетейік, Бақдәулет Әбділдаұлы бұған дейін өзінің туған ауылы Тереңөзек кенті мен Тасбөгет кентінде ұйымдастырылған қайырымдылық концерттерде өнер көрсеткен болатын.
13 наурыз 2019 ж. 105 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (1537)

21 мамыр 2019 ж.

№37 (1536)

18 мамыр 2019 ж.

№36 (1535)

14 мамыр 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 3 295 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам