Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ауылда ақындар айтысы өтті

Ауылда ақындар айтысы өтті

   Жастар жылана орай Қазалы ауданы Ү.Түктібаев ауылында «Жастар дінді жырлайды» атты жас ақындар айтысы өтті.
Аламан айтысты аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен Қазалы аудандық Жанқожа батыр мешітіне қарасты Қожа Орынбет Ишан мешітінің ұйымдастырды. Сөз бәйгесіне облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Маханов, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов қатысты.
Айтысты аудандық мәслихат хатшысы Күнтілес Назымбеков ашып, жас ақындарға сәттілік тіледі.
- Еліміздегі айтыс өнерінің өрістеуіне Сыр ақындары да үлес қосып келеді. Алысқа бармай-ақ, Мұхтар Ниязов, Нұрмат Мансұров, Мейірбек Сұлтанхан есімді жерлестеріміз бүгінгі айтыстың арланы, Жүрсіннің жүйріктері десем артық айтқандығым емес. Осындай ағаларының жолын қуып, ізін жалғап келе жатқан жеткіншектер қасиетті Қазалы топырағында да өсіп келеді. Қазалылық өрендеріміздің ұлттық өнерге, оның ішінде айтыс өнеріне жақындығы қуантады, - деді Күнтілес Айдарбекұлы.
Сөз барымтасына 12 ақын, 6 жұп қатысты. Бас жүлде Қожабақы ауылының жас өнерпазы, 11-сынып оқушысы Амангелді Тоқтарбекке бұйырды. Жасынан өнерге жақын Тоқтарбек бірнеше мәрте республикалық сайыстардың жеңімпазы атанған.
І орынға Майдакөл ауылының қатысушысы 11-сынып оқушысы Әбдіхан Бекзат лайық деп танылса,  ІІ орынды Майдакөл ауылының жас ақыны 10-сынып оқушысы Серіков Бекзат иемденді. Ал ІІІ орынға тағы бір майдакөлдік ақын 7-сынып оқушысы Есебай Өміртай ие болды. Сондай-ақ айтыстың ең жас ақыны ретінде «Көрермен көзайымы» атанған 5-сынып оқушысы Серіков Жанұзаққа қаржылай сый-сыяпат табыс етілді. Сонымен қатар, айтысқа қатысушылардың барлығына ынталандыру сыйлығы табысталды.
Айта кету керек, аламан айтыстың ұйымдастырушылары Түктібаев ауылындағы Қожа Орынбет Ишан мешітінің имамы Ізәт Ғабдулла және демеушісі ауылдан түлеп ұшқан кәсіпкер Жетес Ыдырысұлы.
Осындай игі шараның ұйымдастырушысы болған Жетес Ыдырысұлына Алға ауылдық округінің әкімі А.Төлемісов Алғыс хат табыс етіп, елдің ризашылығын жеткізді.
Бағлан АЛТЫНБЕК,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ студенті.
15 наурыз 2019 ж. 124 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№37 (1536)

18 мамыр 2019 ж.

№36 (1535)

14 мамыр 2019 ж.

№35 (1534)

09 мамыр 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 3 287 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам