Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қазақстанның алты облысында ескерту жарияланды

Қазақстанның алты облысында ескерту жарияланды

   Еліміздің бірқатар өңірінде қатты жел, тұман, көктайғақ, шаңды дауыл, бұрқасын және қар еруіне байланысты дабылды ескерту жарияланған.
Қазгидромет" синоптиктері Қазақстанның алты облысында дабылды ескерту жариялады.
15 наурызда күндіз Маңғыстау облысының кей жерінде шаңды дауыл соғады, солтүстік-шығыс пен шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.
15-17 наурызда Қызылорда облысының кей жерінде тұман түседі. 15 наурызда таңертең және күндіз, 16 наурызда күні бойы оңтүстіктен соққан жел солтүстік, солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
15 наурызда Қостанай облысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20, ұйықтуы 25 м/с. Кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғады. Қостанай қаласында 15 наурызда көктайғақ болып, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа, ұйытқуы 25 м/с-қа жетеді.
15-17 наурызда күн жылынып, жауын-шашын мол түсуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысында қар еріп, салдарынан өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.
15 наурызда Ақмола облысында батыс және солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с, күндіз өңірдің басым бөлігінде күшейіп, кей жерде ұйытқуы 23-28 м/с-қа жетеді, оқтын-оқтын 30 м/с-тан асады. Кей жерде көктайғақ болып, боран соғады. Астанада 15 наурызда желдің екпіні – 20 м/с.
15 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында батыс және солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерде ұйытқуы 23-28 м/с, күндіз оқтын-оқтын 30 м/с-тан асады. Кей жерде көктайғақ болып, боран соғуы ықтимал.
sputniknews.kz


15 наурыз 2019 ж. 110 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (1519)

16 наурыз 2019 ж.

№19(1518)

12 наурыз 2019 ж.

№18 (1517)

07 наурыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 612 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам