Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қазақстанда тағы бір мереке пайда болуы мүмкін

Қазақстанда тағы бір мереке пайда болуы мүмкін

   Сәрсенбай Еңсегенов 14 наурызды Көрісу күні мерекесі деп белгілеуді ұсынды. Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов 14 наурызды Көрісу күні мерекесі деп белгілеуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сенаттың жалпы отырысында депутат Сәрсенбай Еңсегенов премьер-министр Асқар Маминнің атына депутаттық сауал жолдады. Сенатор 14 наурызды Көрісу күні мерекесі етіп белгілеуді ұсынды."Заманында Көрісу еліміздің барлық аймағында болған, халқымызға кеңінен таралған. Бірақ әртүрлі себеппен бұл дәстүр кей жерлерде ұмытыла бастады. Қазіргі мезгілде ол Қазақстанның басқа да облыстарына таралып, арнайы іс-шаралар ұйымдастырылып жүр. Бүгінде Көрісу жекелеген аймақтың немесе тек қазақ халқының мейрамы емес. Оның аумағы мен ауқымы өсіп, елдің қоғамдық өміріндегі рөлі артып келеді. Шын мәнінде ол азаматтарымыздың дәстүрлі түрде аталып өтетін мерекесіне айналды", - деді Еңсегенов.
Ол алыс-жақын шет мемлекеттерде жүрген қандастар да осы атаулы күнді мерекелеп, шетелге таныстырып жатқанын атап өтті.
"Адамды бауырмалдыққа, кісілікке, кішілікке, жасампаздыққа, жақсылыққа тәрбиелейтін, тамыры тереңге кеткен, халқымызға берері мол, рухани қуаты ерекше, дәстүрлі түрде аталып жүрген Көрісу күнін ресми түрде айналымға енгізу жөнінде пікірлер айтылуда", - деді депутат.
Сенатор "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға сәйкес, елімізде ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де мерекелер тойланатын еске салды. Заңның төртінші бабына сәйкес, кәсіби және өзге де мерекелік күндер тізбесін Қазақстан үкіметі белгілейді.
"Құрметті Асқар Ұзақбайұлы, халқымыздың салт-дәстүрін қолдау және оны дәріптеу мақсатында 14 наурызды Көрісу күні мерекесі деп белгілеу жөнінде ұсыныс енгіземін және тиісті мемлекеттік органдарға тапсырма беруіңізді өтінемін", - деді Еңсегенов.

15 наурыз 2019 ж. 84 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (1519)

16 наурыз 2019 ж.

№19(1518)

12 наурыз 2019 ж.

№18 (1517)

07 наурыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 612 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам