Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордалық полицейлер «Соғым» іс–шарасын өткізуде

Қызылордалық полицейлер «Соғым» іс–шарасын өткізуде

   Наурыз айының 26-28 аралығында мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу, ашу, мал ұрлығы қылмыстарымен айналысатын тұлғаларды анықтау үшін, Қызылорда қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері «Соғым» жедел-профилактикалық іс шарасын өткізді.
Полиция қызметкерлері ветеринарлармен бірлесіп, құжаттарсыз жануарларды әкелу фактілерін, мал союға және ет сатуға арналған сертификаттың жоқтығын анықтау үшін нарықтарда рейдтік іс-шараларды өткізіп отырады.
«Сұлтан», «Айтбек», «Отырар» сауда орталықтары және басқа да ет павильондары мен қалалық мал сою бекеті тексерілді. Бұл жағдайда 4 мобильді патрульдік автокөліктер және 12 полиция қызметкері тартылды.
Рейд қорытындысы бойынша 26 автокөлік тексерілді. Қызылорда облыстық полиция басқармасының бастамасымен барлық мал сою мен ет бөлуге арналған жерлерде бейнебақылау камералары орнатылды. Мал ұрлықтарының алдын алу үшін құжатсыз мал басын тасымалдайтын барлық көлік құралдарын тексеру ұйымдастырылды.
Құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда Қызылорда облысы ветеринария бөліміне тексеру жүргізу үшін тиісті шешімдер қабылданады.
Айта кету керек, полиция қызметкерлері мал ұрлау фактілері туралы ақпаратты полицияға уақытылы хабарлау қажеттігін ескертеді. Осы бағытта жұмыс жалғасуда.

Қызылорда қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметі
30 наурыз 2019 ж. 459 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (1587)

12 қараша 2019 ж.

№87 (1586)

09 қараша 2019 ж.

№86 (1585)

05 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 6 914 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам