Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Күле білу – өмір, күлдіре білу – өнер

Күле білу – өмір, күлдіре білу – өнер

     Таңертең айнадан өз келбетіңді көріп, жай ғана жымиюдың сол күнгі көңіл-күйіңізге тигізер ықпалы мол. Жалпы күлкі адам жанына – тыныштық, жылу, деніне – саулық сыйлайды.
        Қарбалас тірліктің сарсаңына түсіп, күлімсірей қарауды, күлкі сыйлауды ұмытып бара жатқандаймыз. Кейде көшеге шыға қалсаңыз жүзінен жылылық байқалмайтын адамдарды жиі кездестіресіз. Әйтеуір, әркімнің өз бас қайғысы бар. Соның салдарынан құшағы қуанышқа толған, жымиған адамдарды көру сирек жағдайға айналды. Ал, сол күлкі қанша жанға қуаныш сыйлайтынын, одан өзіңіз ләззат алатыныңызды бір сәт ойланып көрдіңіз бе?
Күлкінің шығу тарихына үңілген ғалымдардың пайымдауынша, адамдар алғашында күлу, езу тарту дегенді білмеген. Тек тас дәуірінде ғана жымиюды бастаған дейді. Ал кейбір дерек, қола дәуірінде қарқылдап күлетінін айтады. Дейтұрғанмен, нақты дәлел жоқ. Негізінен, күлкі күнінің пайда болуы туралы көп тараған нұсқалардың бірі – бастапқыда 1 сәуір көптеген елдерде көктемгі күн мен түннің теңелу күні және Пасха уақыты ретінде атап өтілген. Сол уақытта көктемгі жаңа жыл мерекесі әрдайым көтеріңкі көңіл-күймен, әдемі әзілдермен өтті. Осындай кең тараған нұсқалардың тағы бірі 1582 жылы Рим Папасы Григориймен енгізілген Григориан күнтізбесіне көшумен байланысты. Мәселе, орта ғасырларда Жаңа жыл 1 қаңтарда емес, наурыз айының соңында атап өтілді. Жаңажылдық апта 25 наурызда басталып, 1 сәуірде аяқталды. Сонау жылдары жаңажылдық мереке күндері көтеріңкі-көңіл күймен жүру дәстүрге айналды. Бірақ күнтізбенің өзгеруіне қарамастан, кейбір адамдар жыл бастауын ескі нұсқа бойынша атап өтуді жөн көреді. Адамдар бір-бірімен әзілдесіп, «қалжыңды» сыйлықтар сыйлады. Осылайша, «Күлкі күні» пайда болды.
   Шын мәнінде күлкі – сүйіспеншілік пен адамгершіліктің кілті. Ішкі жан дүниені сыртқы әлеммен ұштастыратын көпір іспетті. Біреуге күле қараудың еш қиындығы не болмаса әбестігі жоқ. Үйдегі шат-шадыман жағдай бақыттың кепілі болса, жұмыста жылы шыраймен тіл қату табысқа бастайды. Шаршап, шалдыққан сәтте күлкі арқылы дем алып, тынығып аласың. Тіпті, адамдарға мейірлі жүзбен қарасаң, «садақа бергендей болады» деген хадисте. Міне, бұл да - сауап.
        «Әзілің жарасса, атаңмен ойна" демекші, сөз қадірін білетін халқымыз әзіл-қалжыңға жүйрік. Орнымен қалжың айта білу – ұжымда да, отбасында да береке-бірліктің сақталуының бір кепілі. Дәрігерлер күлкі мен әзілдің адамның өмір жасын ұзартатынын айтады. Шетелдің кейбір ғалымдары онкологиялық науқастарды емдеуде күлкі терапиясын қолданып жүр.
       Бірақ, күлкінің де жөн-жосығы болатынын ескерген абзал. Белгілі сатирик Сейіт Кенжеахметұлы «Күлдіре білу – өнер, күле білу – өмір, күлкі болу - өлім» деген екен.
      Қалай күлсекте, оның шегін ұмытпаған дұрыс. Мәселен, орынсыз және шамадан тыс күлкінің ұяты мен зияны да мол. Қазақта мөлдір күлкіні теңгедей сыңғырлаған күміс күлкі деп айтады. Ол сұлуларымызды одан да ажарландыра түседі. Ал халқымыздың «Қыздың қатты күлгені – өлгені, жымиғаны – күлгені» дегені қыз баласының ибасы мен ізетін көрсетеді.
      Адамдардың жүзіне күлкі сыйлайтын 1-сәуір күні әзілге толы іс-әрекеттер мен ойындарға жол беру қажет-ақ. Қалжың көтерер үлкен-кіші, жас-кәрімен әзілдесіп, күлкі сыйлауды ұмытпаңыз. Көңілді жүргенге не жетсін!
Айтолқын АЙТЖАНОВА.
02 сәуір 2019 ж. 272 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53 (1552)

13 шілде 2019 ж.

№52 (1551)

10 шілде 2019 ж.

№51 (1550)

06 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 278 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам