Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » 16 жастағы бойжеткен "Қызылорда аруы" атанды

16 жастағы бойжеткен "Қызылорда аруы" атанды

  Қызылордада республикалық "Мисс Қазақстан" байқауында аймақ абыройын қорғайтын ару таңдап алынды, - деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Аймақтық байқау алғаш рет көктемде өткізіліп отыр. Байқауға 14 бойжеткен қатысқан. Дәстүр бойынша, байқау видео-таныстырылымнан басталды. Онда арулар қысқаша өздері туралы, отбасы және болашақ жоспарлары жайлы айтып өтті. Одан кейін әрқайсысы өз қабілеттерін паш етті - биледі, ән шырқады, қысқа қойылымдар көрсетті.
Үшінші кезең "сұрақ-жауап" түрінде өтті. Бойжеткендер қарапайым және күрделі сұрақтарға жауап берді. Мысалы, "отбасы ма, әлде мансап па?", "Кіммен сэлфиге түсер едің" сынды сұрақтарға өз ойларымен бөлісті.
Байқау кешкі көйлек көрсетілімімен аяқталды. Арулардың басым көпшілігі қызыл реңкті көйлектерді таңдаған. Қазылар алқасы Совет Сейітов, Айгүл Борамбаева, Камилия Конопьянова, Әлмира Ысқақова және Гүлбану Әзімханнан құралды. Олар кеңесе келіп, Қызылорда облысының намысын елордада кім қорғайтынын анықтады.
Қазылар алқасының шешімімен үшінші вице-мисс Айгүл Түменбаева, екінші вице-мисс Айым Бегмат, бірінші вице-мисс Айзат Кетебай атанса, ал «Мисс Қызылорда - 2019» атағына 16 жастағы Камилла Серікбай ие болды.
Байқау ұйымдастырушылары ресми парақшаларында Камилланың облыстағы үздік моделдердің бірі екенін айтып өткен. Ол халықаралық және қазақстандық байқауларға модель ретінде қатысқан.
02 сәуір 2019 ж. 101 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (1537)

21 мамыр 2019 ж.

№37 (1536)

18 мамыр 2019 ж.

№36 (1535)

14 мамыр 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 3 288 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам