Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Нұр-Сұлтаннан Алматыға 7000 теңгеге ұшып баруға болады

Нұр-Сұлтаннан Алматыға 7000 теңгеге ұшып баруға болады

   FlyArystan Нұр-Сұлтаннан Алматыға 7000 теңгеге рейстерді ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  2019 жылы 1 мамырда сыйымдылығы 180 орны бар реактив Airbus A320 әуелайнерлері Нұр-Сұлтаннан ұша бастайды. 
Қазақстандықтар арасында танымал бағыт бойынша тарифтің ең төменгі құны бір жаққа 6 999 теңгеден басталады. Билеттерді брондау компанияның сайтында қолжетімді. "Біз күн сайын ең қолжетімді бағамен жүзеге асыруға дайын отандастарымыздың арасында күтілетін әуе қатынасы болады деп сеніммен айтуға болады. Бұдан былай елордаға 6 999 теңгеге екі сағатқа жетпес уақытта ұшып келу мүмкін болады, тек бизнесмен ғана емес, сонымен қатар қарапайым студентке де мүмкіндік туады. Сондай-ақ, біз осы бағыттың арқасында еліміздің оңтүстік және солтүстік аймақтарының әдемі табиғатын көргісі келетін қазақстандықтар арасында жергілікті туризмді дамытуға өз үлесімізді қосамыз деп үміттенеміз", - деді FlyArystan сату және маркетинг жөніндегі директоры Жанар Жайлауова. FlyArystan өзінің барлық жолаушыларына шарттары авиакомпанияның ресми сайтында егжей-тегжейлі сипатталған тарифтер ережелерімен мұқият танысуды ұсынады. Осыған дейін, FlyArystan әуекомпаниясы Алматыдан Таразға дейін 2019 жылдың 1 мамырына жоспарланған алғашқы рейске билет сатуды ашқаны хабарланған. Сапар ұзақтығы 60 минут болатын біржақты билет құны әуежай алымдарымен қоса есептегенде 4 999 теңгеден басталатыны айтылады. FlyArystan өкілдерінің айтуынша, Алматы-Тараз-Алматы бағытымен 180 орындық, заманауи Airbus A320 ұшақтары күнделікті сапарға аттанады. Осылайша, жаңа әуекомпания осы бағыт бойынша бір жылда 130 000 аса жолаушыны тасымалдайды.

02 сәуір 2019 ж. 109 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (1537)

21 мамыр 2019 ж.

№37 (1536)

18 мамыр 2019 ж.

№36 (1535)

14 мамыр 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 3 288 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам