Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Сыбайластықпен күрес – негізгі міндет

Сыбайластықпен күрес – негізгі міндет

  Қалалық білім бөлімінде  білім беру ұйымдарының басшылары және бухгалтерия қызметкерлерінің қатысуымен жиын өтті. Мұндағы мақсат – сыбайлас жемқорлық қатерлеріне талдау жасау және қылмыстық бұзушылықтың алдын-алу.
Оған қалалық білім бөлімінің басшысы Ақзира Қасымова қатысып, аталған мәселе жөнінде олқылықтар жібермеу керектігін назарға салды. 
Жиын барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев оған қарсы саясаттың және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасының өзекті мәселелерін айтып өтті.
 – Жалпы, білім саласында бұл мәселеде құқық бұзушылықтар соңғы жылдары қызметтеріне тікелей қатысты болып отыр. Мәселен, ол білім ұйымдарына қызметке орналасумен, мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарына  мемлекеттік тапсырысты орналастыру барысындағы қаражаттың жұмсалуымен байланысты. Өткен жылдары мемлекет қаржысын талан-таражға салу деректері кездесті, – деді ол.
Кездесуде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған біршама ауқымды істер тілге тиек етілді. Сондай-ақ,  аталған мәселені жоюды қолға алып, оны болдырмау қатаң тапсырылды.
Айтолқын АЙТЖАНОВА.
02 сәуір 2019 ж. 171 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (1537)

21 мамыр 2019 ж.

№37 (1536)

18 мамыр 2019 ж.

№36 (1535)

14 мамыр 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 3 288 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам