Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "Жай жүрші": Көліктегі әйелі мен балаларын тыңдамаған азамат апатқа ұшырады (видео)

"Жай жүрші": Көліктегі әйелі мен балаларын тыңдамаған азамат апатқа ұшырады (видео)

   29 наурызда Атырау қаласы Азаттық даңғылының бойында келе жатқан Toyota Hіace көлігінің мас жүргізушісі Nissan Maxima көлігімен соқтығысып, көкөніс павильонына "кіріп" кеткен. Бейнетікрегіштегі видеоға сәйкес, 32 жастағы азамат көлік салонындағы әйелі мен екі баласының жалынғанына мән бермеген деп хабарлайды "Ақ жайық".

Видеоға жолда келе жатқан көліктің ішіндегі әйел мен екі баланың даусы анық жазылып қалған. Олар мас жүргізушіге "Жай жүрші, балаларыңды ойлашы!", "Әке, тоқташы, біз түсіп қалайықшы" деп жалынған.

Алайда, ішімдікке сылқия тойған азамат ештеңеге мән берместен қатты жылдамдықпен жүйтки беріпті.

Осылайша, ол қиылыста Nissan Maxima көлігімен соқтығысып, артынша көкөніс павильонына "кіріп" кеткен екен.

Белгілі болғандай, дәрігерлер әйел мен жеті жасар баланы тексергеннен кейін үйлеріне жіберген. Ал төрт жасар қыз ауруханаға жатқызылған.

"Иә, мұндай факт орын алды. Toyota Hіace жүргізушісі мас болған. Қазір біздің қызметкерлер іс жүргізу шешімін қабылдау үшін дәрігерлердің қорытындысын күтіп отыр", - деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
02 сәуір 2019 ж. 345 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (1537)

21 мамыр 2019 ж.

№37 (1536)

18 мамыр 2019 ж.

№36 (1535)

14 мамыр 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 3 288 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам