Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Сәуірге жұлдыз жорамал: Бұл ай кімдер үшін сәтті болады?

Сәуірге жұлдыз жорамал: Бұл ай кімдер үшін сәтті болады?

Астрологтар сәуір айына болжам жасады. Бұл айда қандай істі қолға алу керек екенін жұлдыз жорамалдан оқыңыз
Сәуір айы Тоқты белгісінде. Сондықтан бұл айда әр адам күш жинап, өмірін өзгерте алады. Астролог мамандардың айтуынша, бұл айдың энергиясы барлық қиындықты еңсеруге көмек болады. Алайда әр белгі үшін сәтті кезеңдерді ескерген жөн.
Тоқты
Бұл ай белсенді жұмыс істеуге барынша қолайлы. Іссапар, маңызды ақпаратпен жұмыс, кездесулер мен оқуға қатысты мәселелерді сәуірдің соңына дейін реттеген жөн. Жиырма үшінші сәуірден бастап ай соңына дейін күйзеліске ұшырауыңыз әбден мүмкін. Бұл уақытта денсаулығыңызға мән беруіңіз керек. Сәуір шығармашылық жұмыстар, әдебиет және музыкамен шұғылдану үшін таптырмас кезең. Бұл айда жұмыс пен қаржы мәселесінен гөрі жеке басыңыздың шаруалары тиімді шешіледі. Отбасын құрмаған Тоқтылар өмірін түбегейлі өзгертеді. Ал сүйіктіңіз болса, бір-біріңізге деген сезім нығая түседі.
Торпақ
Мамырда дүниеге келген Торпақтардың өміріндегі тұрақтылық жиырма бірінші сәуірге дейін созылады. Кейін Күн сіздің белгіңізге келіп, энергия мен шығармашылық идеялар сыйлайды. Ал Шолпан белсенділік танытып, нақты шешім қабылдауға септеседі. Өз қабілетіңізді дамытып, жаңа қырыңызды ашу үшін таптырмас кез. Сәуір айында дүниеге келген Торпаққа Уран ғаламшары әсер етуі мүмкін. Сондықтан өткенді ұмытып, жаңа өмірге қадам басуға тырысыңыз. Осы айда жалақыңызды арттырып, бизнесіңіздің табысын ұлғайта аласыз. Бұл үшін, әсіресе, айдың алғашқы он күні сәтті болады. Компанияда жұмыс істесеңіз, қосымша табыс көзін іздеңіз. Ең батыл идеяларды жүзеге асыру сіздің қолыңыздан келеді.
Егіздер
Егіздер сәуір айында Марс ғаламшарының әсерін сезінеді. Ол өмір қарқынын барынша жылдамдатуға ықпал етеді. Мұны айдың он бесінен бастап аңғаруға болады. Жаңа ақпарат қабылдап, бірнеше істі бір мезетте орындап үлгеру керек. Алайда көңіл-күйіңізге емес, ақыл-ойға сүйеніп, шешім қабылдаңыз. Мақсаттарыңызды айқындап алған жөн. Жеке ісіңіз болса, нақты шешім қабылдауда асығыстық танытпаңыз. Ірі келісімдерді ай соңына жоспарлаған жөн. Сәуір айында жұмысыңызда оң өзгеріс болуы мүмкін. Мүмкіндікті қалт жібермеңіз. Бұл айда отбасыңызға ерекше көңіл бөлу керек.
Шаян
Айдың алғашқы жартысында Шаяндардың мансабы мен ішкі сезімі арасында қарама-қайшылық туындайды. Нақты шешім қабылдау қажет болады. Сәуірдің жиырма біріне дейін ішкі қолайсыздық сезінуіңіз мүмкін. Өз ісін бастауға шешім қабылдай алмай жүрген Шаяндар бұл жолы тәуекелге бара алады. Сондай-ақ, қызметіңіз жоғарылап, табысқа кенелесіз. Тынымсыз еңбектенсеңіз, нәтиже ұзақ күттірмейді. Сыйақы мен қаржылық қолдауға ие болуға зор мүмкіндік бар. Бұл айда сүйікті жандарыңызға көңіл бөліп, махаббат сыйлаңыз. Ал отбасын құрмаған Шаяндар өз жұбын кездестіруі мүмкін.
Арыстан
Сәуір Арыстан белгісіндегілер үшін тынымсыз жұмыс айы болады. Сәуірдің ортасында жұмыс барынша қыза түседі. Жиырмасы күніне қарай өміріңізде күтпеген оқиға болуы мүмкін. Оның қандай әсер беретінін уақыт көрсетеді. Бұл ай өте ауқымды жобаларға қатысатын кезеңдердің бірі. Өзіңіздің бар біліктілігіңізді көрсете аласыз. Сондай-ақ сәуірді достарыңызға арнаған дұрыс. Саяхат үшін айдың алғашқы он күнінің сәтті болатынын ұмытпаңыз.
Бикеш
Бұл айда наурыздан бері шешілмей келе жатқан мәселелер алдыңыздан шығуы мүмкін. Айдың ортасына дейін олардың шешімін табасыз. Он бесінші сәуірден бастап бойыңызда сенімділік пайда болады. Бар мақсатыңыз бен жоспарыңызды жүзеге асыра бастайсыз. Біраз табандылық танытсаңыз, олар өте оңай орындалады. Алайда маңызды жайттар да назарыңыздан тыс қалмасын. Денсаулығыңызға көңіл бөлуді ұмытпаңыз. Айдың соңғы он күні өзгеріске толы, оқиғаға қанық болады. Бәрі сіздің қолыңызда.
Таразы
Сәуірдің жиырма біріне дейін ойдағы бар жоспарыңызды жүзеге асыру үшін сәтті кезең болады. Айдың алғашқы он күнінде маңызды өзгеріс болары анық. Бірақ сіз оларды бірден аңғармауыңыз мүмкін. Жұмыста қиындық туындаса, оны шешудің жолын табасыз. Ғашығын жолықтырғысы келіп жүрген Таразыларға таңдау жасауға тура келеді. Барынша тез шешім қабылдаған дұрыс. Қаржы мәселесіне келгенде аса абай болыңыз. Жаңа бастаманы жүзеге асырып, өз ісіңізді ашу үшін қолайлы кезең екенін ескерген жөн. Ал тұрақты жұмыс орныңызды ауыстыруға асықпау керек.
Сарышаян
Сәуір айында ақпарат жинап, бар білгеніңізді өзгелерге түсіндіресіз. Ішкі түйсігіңізге барынша сеніңіз. Алайда сәуірдің жиырмасынан бастап эмоцияға жиі берілетініңізді аңғарасыз. Бұл ғаламшарлардың әсерінен болады. Бірақ мұндай жағдайды да барынша пайдалы қолдануға болады. Осындай сәттердің бірінде табысқа кенелудің жолын табасыз. Соның арқасында айдың соңында ақшаңыз көбейе түседі. Сарышаяндар бұл айды отбасымен бірге өткізгені жөн.
Мерген
Бұл айда Мергендердің өмірінде қиындық болады. Алайда кедергілерді жеңген кезде ғана бойда күш пайда болатынын ұмытпаңыз. Айдың ортасында өзіңізді жаңа қырыңыздан танытуға зор мүмкіндік туады. Сәуірдің 7-сі мен 20-сы аралығы сіз үшін аса сәтті болады. Алайда ескі жобалардағы жұмысыңызды жалғастыру керек. Жаңа істі қолға алу үшін қолайлы кез емес. Айдың жиырма жетісінен соң, маңызды мәселелерді қарастырудан бас тартыңыз. Бұл кезде шетелдік сапарға да бармағаныңыз жөн.
Тауешкі
Сәуір айында болатын оқиғалар сіздің тағдырыңызға әсер етуі мүмкін. Сатурн планетасы сәуірдің отызы мен қыркүйектің он сегізіне дейін қозғалыста болады. Яғни жұмыс, мансаппен байланысты жобаларды айдың соңына дейін жүзеге асыра бастаған дұрыс. Жеке өміріңізге байланысты маңызды шешім қабылдауға асықпаңыз. Сізді жаңа кездесулер күтіп тұр. Тәуекелге бел бууды қажет ететін шешім қабылдар кезде жақындарыңызбен ақылдасыңыз. Соңғы он күнде ұзақ уақыт бойы мазаңызды алып жүрген мәселенің түйіні тарқатылады. Бәрі сіздің батыл әрекетіңізге байланысты.
Суқұйғыш
Суқұйғыштар сәуір айын екі түрлі сезінеді. Ақпан айының соңында туған адамдардың достықтан көңілі қалып, үміті ақталмауы мүмкін. Ал қаңтарда дүниеге келген суқұйғыштарды ерекше оқиғалар күтіп тұр. Ол, негізінен, жылжымайтын мүлікпен байланысты. Сондай-ақ, бұл айда ойыңызда ерекше идея туындауы мүмкін. Жұлдыздар жиырма үшінші сәуірдің сәтті болатынын көрсетеді. Мүмкіндікті қалт жібермеңіз! Табысыңыз көбейіп, жаңа қызметке орналасуыңыз мүмкін.
Балықтар
Сәуір - сіздің жан-дүниеңіз жай табатын кезең. Біріншіден, наурыз айында сіздің белгіде қозғалыссыз болған ретро Меркурий жылдамдығын арттыра бастады. Демек, сізді оң өзгеріс күтіп тұр. Ал 17 сәуірде бұл ғаламшар сырқат, қайғы-уайым мен аяқталмаған істеріңізді бірге ала кетеді. Өзіңізді жайлы сезініп, жақындарыңызбен қарым-қатынасыңызды жақсарып, табысқа кенелуіңіз мүмкін. Сәуірдің жиырмасына дейінгі уақыт өте сәтті болады. Айдың жетінші және он төртінші күндеріне ерекше мән беру керек.
08 сәуір 2019 ж. 473 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (1529)

23 сәуір 2019 ж.

№29 (1528)

20 сәуір 2019 ж.

№28 (1527)

16 сәуір 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 916 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам