Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Белгілі актриса Төреғали Төреәлінің қандай студент болғанын айтып берді

Белгілі актриса Төреғали Төреәлінің қандай студент болғанын айтып берді

Белгілі актриса Анара Батырхан Төреғали Төреәлі студент кезінде сабақтан көп қалғанын айтты. Бұл туралы бойжеткен"Salem Show" бағдарламасында баяндады.
Студенттік уақытты еске алған Анара Батырхан Төреғали Төреәлімен бір топта оқығанын жеткізді.
"Өте талантты жігіт. Бойында өнер тамған деуге болады. Сол кездерде қандай да бір кеш болмасын, біз дайындалмай, қашып кетеміз. Сонда ол домбырамен арнау айтады. Өзі ақын, айтыскер. Сол кезде барып, "Төреғали, айта салшы" деймін.Ол кешігіп келсе де қандай тақырып екенін сұрайды. "Осы ағайдың туған күні болып жатыр, мақтай бер" деймін. Осылайша, ол бәрімізді құтқаратын. Бірақ, сабақтан көп қалатын, шыны керек. Сол кезден бастап гастрольдері мен концерттері болатын. Айтыскер болғандықтан өте көп кететін", - деді ол.
Сонымен қатар, Анара Батырхан студенттік тобының ерекшелігі туралы да сөз етті.
"Біздің топты "жұлдызды топ" дейтін. Себебі, біздің топтан Асылхан Төлепов, Аян Өтепберген, Төреғали Төреәлі, мен шықтым. Өзімді осылай мақтап қояйыншы. Қазір бір айда бір рет жиналамыз. Жігіттер көп қыдырсақ, ұрысатын. Асылхан "тыныш жүріңдер" деп ұрысатын. Қазір күйеуге шықсаңдаршы деп ұрысады", - деді актриса.
08 сәуір 2019 ж. 462 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53 (1552)

13 шілде 2019 ж.

№52 (1551)

10 шілде 2019 ж.

№51 (1550)

06 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 267 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам