Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Үкімет мүшелерінің аймаққа сапары

Үкімет мүшелерінің аймаққа сапары

Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған  Үкімет делегациясы Сыр елінде болды. Делегация құрамында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, Білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова, Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева, Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов бар. Олар «Достық» үйінде аймақ тұрғындарымен кездесті.
Кездесуге барлық аудандардан жиналған көп балалы аналар, «Батыр аналар», «Алтын», «Күміс» алқа иегерлері, әйелдер кеңесінің төрайымдары, үкіметтік емес ұйымдар және этномәдени бірлестік жетекшілері, мәслихат депутаттары, облыстық денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік сала мамандары қатысты.
Кездесуді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бастап, аймақ тұрғындарының әлеуметтік жағдайына тоқталды.
– Бүгінгі күні біздің облыста  800 мыңға жуық тұрғын болса, оның әрбірінің тұрмыс жағдайы жақсы болуы біз үшін аса маңызды. Сондықтан табысы төмен, әсіресе көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі және жалғызбасты аналардың әл-ауқатын арттыру бағытында келелі міндеттер алға қойылды. Елбасы ұсынған әлеуметтік басым бағыттарды кезең-кезеңімен орындауда жүйелі жұмыстар жасалуда, – деді облыс әкімі.
Облыс тұрғындарымен болған кездесуде табысы төмен отбасыларға көмек көрсету, аз қамтылған азаматтар үшін тұрғын үй мәселесін шешу, білім беру мен денсаулықты нығайту, жан-жақты көмек көрсетуді қамтитын Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындаудың негізгі бағыттары түсіндірілді.
Айтолқын АЙТЖАНОВА.
09 сәуір 2019 ж. 68 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (1529)

23 сәуір 2019 ж.

№29 (1528)

20 сәуір 2019 ж.

№28 (1527)

16 сәуір 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 916 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам