Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Әлеуметтік көмекке байланысты жеті сұрақ

Әлеуметтік көмекке байланысты жеті сұрақ

Осы жылы әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларға берілетін жәрдемақы, яғни, атаулы әлуметтік көмекке мемлекет тарапынан өзгерістер енгізілген еді. Республика бойынша 20789 теңге, Алматы қаласы бойынша 21172 теңгеден берілетін бұл көмекті кімдер қалай алады? Бұл көмекті алу үшін не не істеу керек? Осы сынды сұрақтарға Алматы қаласының жұмыспен қамту орталығының бас маманы Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.
***
Жұмысқа жарамды аналарды жұмысқа тұрғызады деген сөз бар. Рас па?
Кіші баласы 7 жастан асса, ол кісі жұмысқа жарамды. Ал егер 7 жасқа дейін болса, бала күтумен отырады. Бұл қаулы бойынша уақытша жұмыспен қамту және тұрақты жұмыспен қамту бөлімдері бар.
Әр түрлі ұйымдар, мекемелер өздерінде бар бос орындарды ұсынады, біз сол бойынша жұмыссыз жүрген аналарды әңгімелесуге жібереміз. Тұрақты жұмысқа кіргізе алмайтын жағдай болып жатса, жұмыспен қамту орталығынң өзінің арнайы жжұмыстары бар соған жібереміз.
Бұл көмекті алу үшін қандай құжаттар керек ?
Жеке басын куәландыратын төлқұжаты болса болды. Қазіргі уақытта E-Halyk деген жаңа жүйе іске қосылған. Осы жүйесің базасына ЖСН нөмерін енгізгенде автоматты түрде барлық ақпараттар легі бізге келеді.
Осы көмекті алу барысында отбасына келіп түсетін стипендия алимент, зейнетақы есептеледі ма?
Президенттің соңғы жолдамасында атаулы әлеуметтік көмекке қандай кірістер саналмайтындығын атап өткен еді. Мысалы: көпбалалы анаға берілетін пособиелер, баланың мүгедектік жеңілдіктері, оқып жатқан студенттің степендиясы саналмайды. Алимент саналады.
Ал осы жұбайлар ажырасқан жағдайда қосымша құжаттар керек па?
Жоқ арнайы құжатты қажет етпейді.
Арнайы көмекті кім ағайындайды және қай уақытқа дейін төленеді?
Шартсыз ақшалай көмек-алатын адамдарға жұмыссыз бала күтімімен отырған аналар алса, алты ай бойы төленеді.
Шартты ақшалай көмек-отбасындағы әкесі жұмысқа жарамды болып тұрса, 12 көлемінде алады.
Егерде ұлкен балалары кәмелеттік жастан асып кетсе , ол отбасыларға көмек көрсетіледі ма?
Иа. Тек отбасының ішкі табысына қараймыз.
Отбасындағы жылжымайтын мүлік көмек алуға қалай әсер етеді?
Ешқандай да әсер етпейді,-деді жұмыспен қамту орталығының атаулы көмек көрсету бөлімінің басшысы Алмас Кунболатов.
11 сәуір 2019 ж. 578 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53 (1552)

13 шілде 2019 ж.

№52 (1551)

10 шілде 2019 ж.

№51 (1550)

06 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 195 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам