Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Илья Ильин Азия чемпионатына қатысады

Илья Ильин Азия чемпионатына қатысады

   20-28 сәуір күндері Қытайдың Нинбо қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді. Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Мельников сары құрлық додасына Илья Ильин мен Жазира Жапарқұл қатысатынын мәлімдеді деп хабарлайды Olympic.kz.
Мельниковтың сөзінше, құрлық біріншілігі 2020 жылғы Токио олимпиадасына ұпай беретін маңызды алты турнирдің қатарына кіреді.
Ол команда мүшелері дайындық барысында Ресейдің Сочи қаласында бір бойы оқу-жаттығу жиынын өткізгенін айтты.
Бас бапкер Қытай төрінде сынға түсетін спортшылардың анықталғанын алға тартты.
"Азия біріншілігіне қатысатын спортшылар арасында олимпиада чемпионы Рахим Нижатов, олимпиада жүлдегері Денис Уланов пен Жазира Жапарқұл бар. Сондай-ақ, Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанло да қатарға қосылды", - деді ол.
Мельников Илья Ильиннің салмақ ауыстырғанын да жеткізді.
"Ильин 96 келіге қайта оралды. Өйткені, басқа таңдау жоқ. Олимпиадалық салмақ дәрежесіне 96 және 109 келі енеді. Ильин 96 келіде бақ сынауды жөн көрді", - деді бас бапкер.
11 сәуір 2019 ж. 54 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (1529)

23 сәуір 2019 ж.

№29 (1528)

20 сәуір 2019 ж.

№28 (1527)

16 сәуір 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 916 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам