Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қалталы кәсіпкер Жанболат пен Жазираға ән айтқызып, жалған атақ бермек болған

Қалталы кәсіпкер Жанболат пен Жазираға ән айтқызып, жалған атақ бермек болған

Қазақ шоу-бизнесінде атақты ақшаға сатып алуға болады деген пікір тарады. Алайда әншілердің өздерінен сұрасаңыз, ешқайсысының нақты жауабы жоқ. Ал Жанболат пен Жазираға қалталы кәсіпкерлер тегін ән айтқызып, жалған атақ ұсынбақ болған. Бұл туралы Stan.kz "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Сондай ұсыныстар болды. Мейрамханада сіздерге ұсынамыз деп хабарласты бір кісілер. Бірақ оның шет жағасын түсіндік. Өйткені әкімдіктен, мәдениет министрлігінен хабар келсе, оған келісуге болады. Жеке кәсіпкерлер мейрамханаға шақырып, ән айтқызып, сондай құттықтаулар көбейіп кетті, шыны керек. Оған қарсымыз. Оның қандай оймен хабарласып тұрғаны бәрібір белгілі", - дейді Жанболат Ербатыров.
Отағасы осылай дегенімен, мұндай ұсыныстардан Жазира Байырбекова хабарсыз болып шықты. Алаңдамасын деді ме екен, Жанболат мырза жұбайына жалған атақ ұсынғандар туралы айтпапты. 
"Атақты сатып алып не істейміз? Оның қандай пайдасы бар? Мүмкін көмекшімізге хабарласқан болар, бірақ ол біздің сатылмайтынымызды біледі, сондықтан да артық ақпаратты бізге жеткізбейді", - дейді Жазира. 
15 сәуір 2019 ж. 503 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (1529)

23 сәуір 2019 ж.

№29 (1528)

20 сәуір 2019 ж.

№28 (1527)

16 сәуір 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 919 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам