Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Элизабет Тұрсынбаеваға 2 млн теңгенің сертификаты табысталды

Элизабет Тұрсынбаеваға 2 млн теңгенің сертификаты табысталды

   Бүгін Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев мәнерлеп сырғанаудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Элизабет Тұрсынбаевамен кездесіп, оны Сайтама қаласында өткен әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады.
Естеріңізге сала кетейік, Элизабет ағымдағы жылдың 18-24 наурызы аралығында Сайтама қаласында өткен мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионатында көрсеткен өнері елеулі құбылыс болып танылған еді.  Тұңғыш рет қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы жеңіс тұғырынан көрініп, күміс медаль жеңіп алды және әлемдік тарихта бірінші рет төрт айналымдық сальховты қатесіз орындады.
"Біз мұз айдыны спорт кешенін салдық  және бұл кешенге сыр жастары жаңа спорт түрлерін игеруге қуана-қуана барады. Мен осы орталықта болашақта еліміздің намысын халықаралық ареналарда қорғайтын дарынды спортшылар өседі деп сенемін. Аймағымызда егемен  еліміздің атағын әлемге әйгілі ететін мәнерлеп сырғанаушы-чемпиондардың тұтас шоғыры болсын! Элизабет, сенің есімің бүкіл әлемге танымал болуына тілектеспін", - деді аймақ басшысы.
Өңірдің спорт саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Элизабет Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен марапатталды, 2 млн теңгенің сертификаты табысталды.
Өз кезегінде Элизабеттің ата-анасы облыс әкіміне және Сыр жұртшылығына қыздарына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.
«Мен үшін ата-анам мен жаттықтырушыларымның көмегі ерекше рөл атқарды. Әрине, маған көрсеткен Сіздің қолдауыңыз бен жерлестерімнің сенімі өте маңызды. Сіздерге зор алғыс айтамын, бұл – біздің ортақ жеңісіміз»,-деді Элизабет Тұрсынбаева.
Сондай-ақ, аймақ басшысы мәнерлеп сырғанаушыға 16 сәуір күні Қызылордада басталатын Элизабет Тұрсынбаеваның жүлдесі үшін алғашқы ашық республикалық жасөспірімдер турнирін өткізуге сәттілік тіледі. Айта кетейік, "Мұз айдынында" "Көктем жұлдыздары" турнирінің ашылуында Элизабет те өнер көрсетеді.  Алдағы уақытта «Көктем жұлдыздары» турнирі жыл сайын өткізіледі деп жоспарлануда.
15 сәуір 2019 ж. 648 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (1563)

20 тамыз 2019 ж.

№63 (1562)

17 тамыз 2019 ж.

№62 (1561)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 841 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам