Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Бейбіт Сейдуалиева: Омыраудан ерте шығарып, балама қиянат жасағым келмейді

Бейбіт Сейдуалиева: Омыраудан ерте шығарып, балама қиянат жасағым келмейді

   Өткен жылдың қараша айында төртінші ұлын өмірге әкелген Бейбіт Сейдуалиева декреттік демалыста ұзақ отырмады. Бүгінде 5 айлық баласын үйде қалдырып, концерттерге қатысып жүр.
Бұл туралы Stan.kz 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 
"Халіміз - 5. Өнер, халық бізді отырғызбайды. О баста үйренген жұмысымыз. Кішкентай бөпемді қалдырып, тамағын беріп, емізіп шықтым. Енді соған асығып тұрмын", - деді Бейбіт Сейдуалиева.
Әнші тұңғышын босанғанда бір жылға дейін үйде отырған. Ал бүгінде нағыз "кәсіби" ана атанған Бейбіт баламен қатар, жұмысты да қатар алып жүруді үйренген. Әйткенмен ұлын омыраудан шығармаған. 
"Үлкен ұлымыз дүниеге келгенде солай болды. 4 айында, 8 айында бір-екі рет концертке шықтым. Бірақ бір жылға дейін үйде отырдым. Өйткені алғашқы баламыз. Әрине, ыстық. Бәріне қорқынышпен, үреймен қарайсың. Бір жерінде дұрыс жасамай қаламын ба деген қорқыныш болады.
Қазір "профессионал" болдық қой. Құдайға шүкір, төрт баланың анасымын. Арасында емізіп те, қарап та, қонағымызды да атқарып үлгереміз. Сахнаға да шығып, сұхбат беріп те, киім тіктіріп те, сахнаға шығып та үлгереміз. Ниет болса, бәріне үлгеруге болады. Тым алысқа кетіп жатқан жоқпын. Омыраудан шығарып, балама қиянат жасағым келмейді. Осы өмірдің ең бірінші әділетсіздігі - баланы омыраудан шығару, дейді ғой", - дейді Бейбіт Сейдуалиева. 
16 сәуір 2019 ж. 153 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (1529)

23 сәуір 2019 ж.

№29 (1528)

20 сәуір 2019 ж.

№28 (1527)

16 сәуір 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 919 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам