Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Меруерт Түсіпбаева: Қозы мен Баян қосылғанда бір-бірінің көзіне шөп салар еді

Меруерт Түсіпбаева: Қозы мен Баян қосылғанда бір-бірінің көзіне шөп салар еді

Әнші Меруерт Түсіпбаева мәңгілік махаббат жоқ деген пікірде.  "Егер Қозы Көрпеш пен Баян сұлу қосылып, бірге өмір сүрсе, олар бір-бірінің көзіне шөп салып, ырду-дырду болар еді", дейді әнші Меруерт Түсіпбаева. Ол бұл туралы Oibay Show жобасына берген сұқбатында айтты.
Әншінің пікірінше, мәңгілік махаббат деген жоқ.
"Неге Қозы-Көрпеш пен Баян сұлуды, Қыз Жібек пен Төлегенді жырлаймыз? Өйткені ол марқұмдар бір-бірімен қосыла алмаған. Ромео мен Джулетта да солай. Ал олар қосылғанда бір-бірінің көзіне шөп салып, ырду-дырду боп жүретін еді. Ғашықтардың бір-біріне қолы жетпесе – сол махаббат. Ал бір-бірін тауып қосылса, өмірлері әдемі болады дейсіз бе? Жоқ, махаббат бес жыл ғана. Одан соң ырду-дырду, қырылыс, алыс-жұлыс, неше түрлі жағдайлар басталады отбасында", - дейді ол.Сөз соңында Меруерт ханым өзіне бір жігіттің ғашық боп жүргенін де жасырмады. "Ол маған ғашық. Маған онысы ұнайды. Ал әйел адам өзінің сезімі туралы айтпауы керек, бұл сондай қулық", - деп жұмбақтап сөйледі Меруерт ханым.
Айта кетсек, мәңгілік махаббаттың символына айналған Қозы мен Баян күні жыл сайын 15 сәуірде аталып өтеді. Мерекенің тарихы 1999 жылдан басталады. Осы жылы қоғам және мемлекет қайраткері Дархан Мыңбай алғаш рет Қозы Көрпеш–Баян Сұлу күнін атап өтуді ұсынды. Ал 2011 жылы Алматы әкімдігінің жастар саясаты басқармасы 15 сәуірді – Ұлттық ғашықтар күні ретінде өздерінің ресми шараларының қатарына қосты.
16 сәуір 2019 ж. 297 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (1529)

23 сәуір 2019 ж.

№29 (1528)

20 сәуір 2019 ж.

№28 (1527)

16 сәуір 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 916 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам