Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ақтауда жағалауда өріп жүрген жыландар тұрғындарды шошытты (видео)

Ақтауда жағалауда өріп жүрген жыландар тұрғындарды шошытты (видео)

Жағалауда өріп жүрген жыландар Ақтау тұрғындарын шошытты. Адамдар өз қауіпсіздігі үшін алаңдай бастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарата агенттігі «Лада» басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ал бауырмен жорғалаушылар бойынша сарапшылар жергілікті тұрғындарды тыныштандыруға асықты. Олардың сөзінше, Ақтауда жағалауда өріп жүрген жыландар – су сарыбас жыланы. Олар адам өміріне қауіп төндірмейді, дейді.
 «Дронт» экологиялық орталығының жанындағы қосмекенділер мен бауырмен жорғалаушыларды қорғау бірлестігінің координаторы Марк Пестовтың сөзіне қарағанда, әдетте улы жыландардың басы үшбұрыш пішіндес, ал көзінің қарашығы тік саңылаулы болады. Ал улы болып табылмайтын жыландарда ол дөңгелек болады екен. 
«Суда немесе Каспий жағалауында кезіктірген жыланыңыз қауіпті емес», - дейді маман. 
 Марк Пестов жылан шағып алған жағдайда бірден жарадағы қанды сорып алып, прфилактика үшін аллергияға және гистаминге қарсы дәрілерді қабылдауға кеңес берді. Сонымен қатар көп су ішу керектігін айтады.

17 сәуір 2019 ж. 404 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53 (1552)

13 шілде 2019 ж.

№52 (1551)

10 шілде 2019 ж.

№51 (1550)

06 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 267 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам