Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Димаш Құдайберген - ән өнеріндегі құбылыс, нағыз талант иесі - Тоқаев

Димаш Құдайберген - ән өнеріндегі құбылыс, нағыз талант иесі - Тоқаев

Әнші Димаш Құдайберген Ташкентте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті. Тоқаев әншімен бірге түскен суретін 16 сәуірде өзінің Instagram парақшасында жариялады. 
"Димаш Құдайберген - ән өнеріндегі құбылыс, нағыз талант иесі. Қазақтың мәдениетін, ән өнерін шартарапқа паш етіп жүрген виртуоз. Кеше қазақтың мақтанышына Өзбекстан жұртшылығы да тәнті болып, өнеріне қол соқты. Димаштың әлі талай биіктерді бағындырарына сенімдімін және тілектеспін", - деп жазды Тоқаев. 
Кеше Димаш Құдайберген Ташкентте Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылуында өнер көрсеткен болатын. Концертке КСРО халық әртісі Әлібек Дінішев, Қазақстанның халық әртісі Айман Мусаходжаев, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткерлер Майра Мұхамедқызы, Медет Шотабаев, Нұрлан Бекмұхамбетов, танымал әнші Әлішер Кәрімов пен халықаралық байқаулардың лауреаты Мария Мудряк қатысқан.  
Қазақстандық әнші Өзбекстан астанасына 14 сәуірде жеткен болатын. Ташкент әуежайында Димаштың фанаттары оны өзбектің ұлттық дойра аспабымен қарсы алды. 
Әртістің тыңдармандары оған раушан гүлдерін беріп, ұлттық тағамдарынан дәм татқызды. "Аңсаған арманымыз орындалды. Димашпен кездестік. Оның қасында тұрған кезде қандай сезімде болғанымызды сөзбен жеткізу мүмкін емес. Ол шаршағанына қарамастан, әр фотосуреттің сипаттамасына қолтаңбасын қойып, алғысын білдірді. Сізге алғысымыз шексіз, Димаш", - деп жазылған Димаштың Өзбекстандағы фан-клубының парақшасында.
17 сәуір 2019 ж. 25 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (1529)

23 сәуір 2019 ж.

№29 (1528)

20 сәуір 2019 ж.

№28 (1527)

16 сәуір 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 916 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам