Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Головкиннің келесі жекпе-жекке қарсыласы анықталды

Головкиннің келесі жекпе-жекке қарсыласы анықталды

Жеңіліс таппаған канадалық боксшы Стив Роллс Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығу үшін келісімнің шарттарына келісті, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Sport Illustrated журналисі Крис Мэнникке сілтеме жасап. Ол DAZN компаниясында жүргізуші болып жұмыс істейді. "Головкин мен Роллс маусымда болатын жекпе-жекті өткізуге жақын тұр, деп хабарлады боксшыларға жақын дереккөздер. Олардың айтуынша, келісім Роллстың көңілінен шығады", - деп жазған журналист Twiiter желісіндегі парақшасында.
Кейін қазақстандық боксшы канадалықты келесі жекпе-жекте қарсыласы болатынын айтты. "Мен рингке шығар алдында сәл қобалжып тұрмын, бірақ мен Big Drama Show MSG алаңында көрсетемін. MSG жанкүйерлерінің қолдауы өте күшті. Мен боксты сүйемін, Стив Роллске қарсы шыққанда барымды саламын", - деді Головкин BoxingScene журналисіне берген сұхбатында.
Кездесу 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden алаңында өтеді. Боксшылар 164 фунт аралық салмағында кездеседі. Келесі аптаның басында, яғни 22 немесе 23 сәуірде бокс кешіне байланысты баспасөз мәслихаты өтеді. 27 сәуірден бастап билеттер сатылымға түседі. 35 жастағы Стив Роллс екінші жартылай салмақта өнер көрсетеді. Ол 2011 жылы кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізген. Жекпе-жектердің басым бөлігін өз елінде өткізген. Алты рет АҚШ-та өткізген. Канадалық өз карьерасында 12 раундтық кезесу өткізбеген. Сондай-ақ ол АҚШ-та USBA нұсқасы бойынша екінші жартылай салмақта шағын белбеуге ие.  
Ал 37 жастағы Геннадий Головкин рингке 2018 жылдың қыркүйегінен шықпаған. Ол соңғы кездесуінде төрешілердің шешімімен мексикалық Сауль Альварестен жеңіліс тапқан. Бұл оның карьерасындағы алғашқы жеңіліс. 

17 сәуір 2019 ж. 190 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53 (1552)

13 шілде 2019 ж.

№52 (1551)

10 шілде 2019 ж.

№51 (1550)

06 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 267 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам