Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Алтын болуы ықтимал аймақтарда барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр

Алтын болуы ықтимал аймақтарда барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр

«Қазгеология» АҚ дала жұмыстарының маусымын ашты. Ағымдағы жылғы сәуірде Қарағанды облысының Үш шоқы учаскесінде былтыр басталған бұрғылау жұмыстары жалғасын тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Учаскеде топографиялық-маркшейдер жұмыстары орындалып, рекогносцировкалық әрі тексеру-іздеу маршруттары салынды. Сондай-ақ ZTEM әдісі қолданылған аэрогеофизикалық жұмыстар жүргізілді. Осының нәтижесінде тарихи материалдармен бірге геофизикалық деректерді егжей-тегжейлі зерттеу әрі оларға кешенді талдау жасау нәтижесінде бағалауға ұсыным берілген 7 перспективалы аумақ анықталды. Әсіресе, Жарсай және Қойыс учаскелері ерекше қызықтырып отыр» делінген компания таратқан хабарламада. Қойыс учаскесінде алтынның минералдануы қайталама кварциттердің кварц-серицитті және монокварцты құрамымен байқалды. Олар кейінгі девон жасындағы вулканогенді қатпардың жоғарғы қабатында өрістеген қышқыл вулканиттермен байланысты. Жарсай учаскесінде алтынның минералдануы Көкқұдық төбесі кешенінің кейінгі девон дәуіріндегі монцодиоритті порфириттер анықталған және ұзақтығы 250 - 650м, қуаты  250м дейін кварцтелген аймақтармен байланысты.   Анықталған құбылыстарды бағалау әрі контурларын жасау үшін 200-600 метрге дейін  ұңғымалар бұрғыланатын болады. 2019 жылы жалпы көлемі 5000 пикометр 16 ұңғыма бұрғыланады. Қазіргі уақытта 2 ұңғыманы  бұрғылау аяқталып қалды. 
17 сәуір 2019 ж. 189 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53 (1552)

13 шілде 2019 ж.

№52 (1551)

10 шілде 2019 ж.

№51 (1550)

06 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 195 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам