Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ақсуаттағы мейрамхана ісі көпке үлгі

Ақсуаттағы мейрамхана ісі көпке үлгі

Кәсіпкер Бағдат Жалекевпен Ақсуат ауылдық округінің тұрғындары мақтанады. Өз кәсібін жүргізіп қана қоймай, халыққа игілікті тірлікті қолға алған оның бұл ісі көпке үлгі. Ол өзінің туған жерінен «Ер-Али» мейрамханасын ашқан. Жалпы аумағы 2000 шаршы метрді алатын мейрамхана 400 орынға арналған. Сонымен қатар, 40 және 70 адамдық кіші залдары бар. Ел игілігіне жарап отырған кәсіп жолын ашуға 300 млн. теңге қаражат жұмсалған. Тойхана үстіміздегі жылдың ақпан айынан бастап пайдалануға берілген.
– Мен кәсiпкерлiкке ерте бастап бет бұрған жанмын. Еңбек еткен адамның Алла несiбесiн үстей түседi. Мiне, кәсiбiмдi ұлғайту мақсатында ауылдан мейрамхана ашқанды жөн санадым. Әзiрге оннан астам адамды жұмыспен қамтып отырмын. Одан бөлек, той күндері қосымша қызметкерлер аламыз. Алдағы күндерi жұмысшылар санын арттырамыз деген ойда бар. Сұраныс жоғары. Әсіресе, облыс орталығынан мейрамханамызды ұнатып, той жасауға ұсыныс білдіріп жатқандар көп. Бұл көңілге қуаныш ұялатады. Өзімнің туған жерімнен осындай соңғы үлгідегі ғимарат салуды мақсат еттім. Алдағы уақытта балаларға арналған орындар қосу жоспарда бар, – деді кәсіпкер Бағдат.
Иә, «Ер-Али» сынды соңғы үлгідегі мейрамханалар қалада көптеп кездеседі. Дегенмен, біз ауыл кәсіпкерлеріне, туған жерін түлетіп, ондағы азаматтарды жұмыспен қамтып отырған жандарға қолдау көрсетуіміз қажет-ақ.
Айтолқын АЙТЖАНОВА.
17 сәуір 2019 ж. 269 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53 (1552)

13 шілде 2019 ж.

№52 (1551)

10 шілде 2019 ж.

№51 (1550)

06 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 267 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам