Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Сайлауға 500 мыңнан астам қызылордалық дауыс бере алады

Сайлауға 500 мыңнан астам қызылордалық дауыс бере алады

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Абайбек Жүнісов мәлімдеді, деп хабарлады Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан Президентінің 2019 жылғы 9 сәуірдегі №18 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы ағымдағы жылдың 9 маусымына тағайындалған.
«Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 10/232 қаулысымен аталған сайлауды әзірлеу мен өткізудің негізгі іс-шараларының күнтүзбелік жоспары бекітілді. Президенттікке кандидаттарды ұсыну жайлы айтатын болсақ, оның мерзімі ағымдағы жылдың 10 сәуірінен басталады және 28 сәуірде жергілікті уақытпен сағат 18-00-де аяқталады. Президенттікке кандидаттарды қоғамдық бірлестіктердің жоғары органдары ғана ұсына алады», - деді А. Жүнісов.
Сондай-ақ, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы сайлау науқанына байланысты облыста атқарылатын шараларға тоқталып өтті.
«Облыс аумағындағы аумақтық сайлау комиссиялары тарапынан 2019 жылдың 19 сәуірінен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында аумақтық сайлау комиссиясы құрамдары жарияланатын болса, жергілікті әкімдіктер ағымдағы жылы 24 сәуірінен кешіктірмей аудандық, қалалық газеттерде сайлау учаскелерінің шекараларын жариялайтын болады. Айта кету керек, облыс бойынша 9 аумақтық және 366 учаскелік сайлау комиссиялары бар, олар биылғы жылдың қаңтар айында 5 жылға сайланды, бүгінде олардың құрамдары толық», деп мәлімдеді А. Жүнісов.
17 сәуір 2019 ж. 40 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (1529)

23 сәуір 2019 ж.

№29 (1528)

20 сәуір 2019 ж.

№28 (1527)

16 сәуір 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 919 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам