Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылорда облысы полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Қызылорда облысы полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

   Президент Әкімшілігінің келісімімен Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Арыстанғани Расылханұлы Заппаров  тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Оразға сілтеме жасап.
Жаңа басшыны жеке құрамға Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен облыс әкімі Қырымбек Көшербаев таныстырды. Арыстанғани Расылханұлы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі академиясының Заң институтын бітірген.    
Ішкі істер органдарында 1993 жылдың қараша айынан бері қызмет атқарады. Орта және жоғарғы басшылық құрамдағы қызметтерді атқарды. Жергілікті бөліністердегі басшылық қызметте мол тәжірибесі бар.  
Әр жылдары Алматы облысы Полиция департаменті Еңбекші қазақ ауданының Полиция басқармасын, Алматы қаласы Алатау ауданы Полиция басқармасын, Ақмола облысы Полиция департаменті Степнагорск қаласы Полиция басқармасын басқарды, Ақтөбе облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болды.        
2018 жылдың қаңтар айынан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы қызметін атқарады.        
Министр жаңа басшының жұмысына сәттілік тілей отырып, ҚР Президентінің тапсырмасын орындау, облыстағы қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмысқа қарсы күресте азаматтардың құқығын қорғауға қажетті барлық шараларды жүзеге асыратынына сенім білдірді.        
Ал, осы лауазымда қызмет атқарған полиция полковнигі, Мұxитов Қайрат Болатұлы ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің бірінші орынбасары қызметіне ауысты.
19 сәуір 2019 ж. 901 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (1641)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (1640)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 033 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам