Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Көзді сақтағың келсе, кофе іш

Көзді сақтағың келсе, кофе іш

Компьютер алдында ұзақ жұмыс істейтін адамдар үшін кофе ішу өте пайдалы. Өйткені кофе көздегі сұйықтық қорының, яғни жастың пайда болуына үлкен септігін тигізеді. Мұны зерттеу жүргізген Токио университетінің ғалымдары мәлімдеп отыр.
Уақытының көп бөлігі монитор алдында өтетін адамдарда «құрғақ көз» синдромы жиі кездеседі. Мұндай жандардың көздері ашып, қышып, жас бөлу процесі тоқтап қалады. Соның салдарынан көз ауырып, адам шаршағыштыққа шалдығады. Дегенмен бұл ақауды бір бокал кофемен шешуге болады дейді ғалымдар. Яғни жұмысқа отырмастан бұрын аталған сусыннан дәм татып алғаныңыз жөн.
Ғалымдар 78 адамды зерттеуге қатыстырып көрген. Олардың бір жартысына таңғы 10.00-ден түскі үзіліске дейінгі уақытта плацебо таблеткасын, екінші жартысына кофеин таблеткасын берген. Бұл уақыт адамның көзінде тұрақты түрде жас пайда болатын уақыт.
Нәтижесінде кофеин тұтынғандардың көздері жасты көбірек бөле бастаған. Олардың тек 13% ғана «құрғақ көз» синдромы байқалған. Ал плацебо ішкен екінші тараптың 17% аталған синдром көрініс берді.
«Егер біздің зерттеулеріміздің нәтижесі кофенің пайдасын дәлелдесе, онда медицина ғылым үшін бұл үлкен жаңалық болады»,  – дейді зерттеу тобының жетекшісі Рейко Арита.
Дайындаған  Айтолқын  БАТЫРБАЙҚЫЗЫ.
23 сәуір 2019 ж. 1 081 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (1624)

27 наурыз 2020 ж.

№22 (1623)

21 наурыз 2020 ж.

№21 (1622)

17 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 8 904 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам