Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "Ержанға тамсандым": Максим Галкин "Голос. Дети" жобасындағы әділетсіздік туралы

"Ержанға тамсандым": Максим Галкин "Голос. Дети" жобасындағы әділетсіздік туралы

Күні кеше Мәскеуде "Голос. Дети" жобасының финалы өтті. Ақтық сынға Қазақстаннан оралдық бүлдіршін Ержан Максим қатысқан еді. Дауыс берудің қортындысы бойынша Ержан Максим екінші орынды иеленді. Дегенмен, көпшілік байқау қорытындысы әділ болмағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz 

Максим Галкин
Дауыс берудің қорытындысы бойынша жеңісті ресейлік танымал әнші Алсудың қызы Микелла Абрамова иеленді. Финалдық өнеріне көңілі толмаған жұртшылық оны жерден алып, жерге салды. Жеңісін сатып алды, масқара болды деп сөкті. 
"Балаларға обал болды. Ашық түрде ысырып тастады. Кезекті рет ақша жеңіске жетті", "Масқара! Ешқандай балалар байқауында бұндай сұмдық болмаған шығар", - деп бір-бірін қостап жатты. 
"Суперфиналға ата-анасы қанша ақшасын құртты екен. Ұят-ай!", "Өте дарынды балалар тұрғанда, жеңісті қалай ұрлап алуға болады", - деп күйініштерін білдірді.
Танымал әнші Алсудың қызын бұл жарысқа қатыстырғанының өзі үлкен қателік болды деп сөгіп жатты.
"Алсу сен не істедің? Қызыңды аямайсың ба? Халықтың ызасына тидің. Халықтың пікірінен қалай қорғайсың қызыңды" , - деді желі қолданушылары. 
Отандасымыз Ержан Максимнің өнеріне тек қазақстандық емес, мәскеулік тұрғындар да талантына риза болып, пікір қалдырды.
Ресейлік танымал шоумен, парадист Максим Галкин байқауды көргеннен кейінгі әсерімен бөлісті. 
"Жарысқа пікір білдіргім келеді. Ержан Максимнің даусына қайран қалдым. Фантастикалық дауыс! Табиғи, ғажап даусы мені тамсандырды. Әрине, жарыс болған соң жүйкең ауырады. Болашақта балаларымды ешқандай байқауға қатыстырмауға қолымнан келгеннің бәрін істеймін. Өйткені, жарыс әділетсіз өтсе, ең ауыр тиетіні сол", - деп байқау қорытындысына көңілі толмайтынын ашып айтты.
Ержан Максим  финалдық бәсекеде "All by Myself", "Adagio" сынды әлемдік өнер туындыларын айтып, бүкіл елді тамсандырды.
 
"Маусым жеңімпазы! Көрермен қоршеметін сатып ала алмайсың. Оны тек талантыңмен ғана жеңіп ала аласың. Ол саған бұйырған бақ. Планетаның алтын дауысы",- деп бірі жоғары баға берсе, "Үш финалистің ішіндегі ең мықтысы. Оның даусы көрермендер құлағында қалды", - деп екіншісі қостады. 
Өз  кезегінде Ержан Максим де жанкүйерлеріне алғыс айтуды ұмытпады. "Барлығыңызға қолдауларыңыз үшін рахмет. Менің өнерімді бағалап, менімен бірге болғандарыңызға қуаныштымын",- деп жазды парақшасында.
29 сәуір 2019 ж. 659 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (1593)

04 желтоқсан 2019 ж.

№93 (1592)

30 қараша 2019 ж.

№92 (1591)

26 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 7 321 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам