Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «Жастар орталығы» ашылды

«Жастар орталығы» ашылды

   Уақытты қалай тиімді өткіземін, ойымды кіммен бөліссем екен, шығармашылығымды қалай шыңдасам болады деген сұрақтар бұдан былай Қызылордалық жастарды мазаламауы тиіс. Өйткені, Сыр өңірінде жастар ресурстық орталығы ашылды. Өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін  орталық  елімізде жарияланған Жастар жылы аясында жүзеге асқан жоба. Аталған орталықтың салтананатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.  
– Белсенді жастар барлық салада бар және олар өз саласының негізгі күші, ертеңгі тұт­қа­ұстарлар. Бір қуанарлығы – олар белсен­ді, ой-сана ауқымы кең және білімді. Олардың бойындағы буырқанған күш тек бір бағытқа – күнделікті жұмысты атқаруға ғана емес, елді, Отанды дамытуға үлес қосуға, жаңаша ойлап, заманауи бастама­лар көтеруге де негізделуі тиіс.  Сондықтан да әрине, аға ұрпақтың ізгі ісі – жастарға оң жағдай жасау. Биылдың өзінде аймақта мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға 500 млн-нан аса қаржы қаралса, Тұңғыш Президент –Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жариялаған биылғы Жастар жылына орай қосымша 70 млн. қаржыға жаңа бастамалар бірінші кезекте қолдау тапты, – деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Облыс жастарына бір терезе қағидасы бойынша қызмет көрсету мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін пайдалана отырып, жаңадан бой көтерген орталық Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан.  Мұнда IT-park, антикафе, интернет, кітапхана, жаттығу залы қарастырылған және тәулік бойы қызмет көрсетпек.
Жас буынға пайдалануға берілген орталықтың лентасын №2 «Мұрагер» мектебінің 11 сынып оқушысы Евгений Демиденко салтанатты түрде қию мүмкіндігіне ие болды. Ол  – халықаралық байқауларда үздік деп танылып жүрген жас өреннің бірі. Ол инновациялық бағыттағы жобаларды жүзеге асыруда Сыр өңірін әлемге танытты. Қазір ол жаңа буынның сұранысына жауап беретін YouTube видео­хос­тин­гінің баламасын әзірлеу үстінде. Өз жетістіктері мен алдағы жоспарлары жөнінде  Евгений Демиденко Тұңғын Президент – Елбасы Н.Назарбаевқа ҚХА-ның 27-ші сес­сиясында кеңінен таныстырған болатын. 
– Осындай керемет орталықтың ашылғанына қуаныштымын. Бұл –жастарға берілген  үлкен мүмкіндіктің бірі. Өрендердің жаңа жобаларын жүзеге асыру барысында осы орталықтан қолдау табады және болашақта Сыр өңірі атынан жастар үлкен жетістіктерге жетеді деген сенімдемін. Мұнда жастар өздерінің идеяларын іске асыра алатын болады. Саналы тәрбиемен қоса сапалы білім алу – аса маңызды. Сондықтан да жастар жылында Сыр елінің жас белсенділері бірқатар интеллектуалды-инновациялық жобаларды қолға алып, жүзеге асырады деген сенімдемін, – дейді Евгений Демиденко.
  Аймағымызда  жастарға жасалып жатқан мүмкіндіктер көп. Мәселен, соңғы бес жылда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі тұрақты түрде төмендген. Керісінше, экономикалық белсенді жастардың саны арта түскен.
Аймақ басшысының қолдауымен Сыр өңірінің 510 түлегі Ресей Үкіметі грантымен Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі инженерлік жоғарғы оқу орындарында білім алуға мүмкіндік алды. Ал 900 жуық дарынды да талапты ауыл балалары облыс әкімінің арнайы грантымен республиканың озық жоғары оқу орындарында аймаққа қажетті мамандықтарды игеруде. Сонымен қатар, 4,5 мыңнан астам қызылордалық өрен «Серпін» бағдарламасы аясында орталық, шығыс-солтүстік аймақтарының оқу орындарында білімін шыңдап жүр.
Еліміздің болашағы – жастар. Қазіргі таңда олардың талантын шыңдауына барлық жағдай жасалған. Қаламызда аталған орталықтың ашылуы өрендердің бос уақытын тиімді пайдалануы үшін жасалған қамқорлық және елде жастар саясатын дамытуға бағытталған нақты қадам.
Айта кеткен жөн, облыс басшысының тапсырмасымен ресурстық орталық тәулік бойы жұмыс жасайды. Жастар орталығы ғимараты бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі негізінде «ҚазГермұнай» Біріккен кәсіпорны» ЖШС демеушілік қолдауымен пайдалануға беріліп отыр.
Айтолқын АЙТЖАНОВА.
06 мамыр 2019 ж. 819 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (1569)

10 қыркүйек 2019 ж.

№68 (1567)

03 қыркүйек 2019 ж.

№67 (1566)

30 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 5 702 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам