Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «Махаббат болды»: Жанар Хамитова экс-ғашығы Нұржан Керменбаевпен кездесу ұйымдастырып беруді сұрады

«Махаббат болды»: Жанар Хамитова экс-ғашығы Нұржан Керменбаевпен кездесу ұйымдастырып беруді сұрады

  Жанар Хамитова әріптесі Нұржан Керменбаевпен бүгінгі таңда қарым-қатынасы қандай екенін айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасап.
Әнші Нұржан Керменбаевпен кездескісі келсе де, бұрынғыдай дуэт жазғысы келмейтінін ашық жеткізді. 
«Нұржанмен дуэт жазғым келмейді. Біріншіден, біз хабарласқан жоқпыз. 5-6 жыл бұрын хабарластым, әңгімеміз дұрыс болған жоқ. Бала туып, ана болған соң өмірге басқаша қарай бастадым. Ол сол кезде бойдақ болды. 15 минуттай сөйлесіп, тіл табыса алмадық. Жарайды, расын айтайық, махаббат болды ғой. Біз жас болдық. 16-17 жаста қандай отбасы?» - деді Жанар Хамитова. 
Әрі қарай әнші ешуақытта сүйіктісін жарты жолдан қалдырып көрмегенін жеткізді. Сондай-ақ, ол арна журналистерінен кездесу ұйымдастырып беруді сұрады. Бірақ бұл кездесу сағынышты басу үшін емес, кімнің-кімді тастап кеткенін білу үшін ұйымдастырылмақ. 
«Мен оны тастап кетті дейсіз бе? Бір күні гәстрөлдік сапардан келейік. 31 арна, сіздер оны шақырыңыздар. Мен Ырысбекпен, Меделбекпен де хабарласып жүрмін. Ырысбекпен бірігіп клип түсірейік деп жатырмыз. Күтпеген кездесу жасасаңыздар, осы сауалдың нүктесін қоямыз. Кімнің кімді «лақтырғанын» білеміз. Мен бәрін «лақтырып» кеткен екенмін. Құдайдың атымен ант етемін. Бұл тағдыр, бірақ мен ешкімді лақтырмаймын. Бір тиын сұрамаймын, керісінше қолда барымды беріп, садақа деп айтамын. Адамдардың мені Нұржанды «лақтырып» кетті деп ойлап жүргендері өкінішті», - дейді әнші. 
13 мамыр 2019 ж. 670 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53 (1552)

13 шілде 2019 ж.

№52 (1551)

10 шілде 2019 ж.

№51 (1550)

06 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 250 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам