Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚР Президенті Қызылордадағы балалар ауруханасы мен күріш өндеу зауытында болды

ҚР Президенті Қызылордадағы балалар ауруханасы мен күріш өндеу зауытында болды

   Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда өңіріне жұмыс сапары аясында облыстық көпбейінді балалар ауруханасына және «Жан-Арай» ЖШС-ға барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Көпбейінді балалар ауруханасы 2017 жылы пайдалануға берілген. Ауруханада 11 бөлім, 5 операциялық блок, реанимациялық және анестезияға арналған бөлімдер бар. Сондай-ақ мұнда кеңес беру-диагностикалық бөлімі жұмыс істейді. Аурухана заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Мамандар шетелдік клиникаларда біліктілігін арттырған.  
Одан әрі Мемлекет басшысы «Жан-Арай» ЖШС жұмысымен танысты. Серіктестік күріш өндірісімен және күріш дақылын халықаралық стандарт талаптарына сәйкес өңдеумен айналысады. Сондай-ақ, жем өндірісімен де шұғылданады. Кешен үш бөліктен тұрады.
«Жан-Арай» ЖШС-ның күріш өңдеу және құрама жем зауыттары тәулігіне 150 тонна күріш, 170 тонна ұн өңдейді. Сондай-ақ, тәулігіне 80 тонна жем өндіреді. Кәсіпорында 300-ге жуық адам еңбек етеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев мұнда ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілермен кездесті. Айта кету керек, облыстың ауыл шаруашылығы өндірісі кешеніндегі экспортталатын өнімдер соңғы алты жылда 3-тен 15 түрге көбейді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша экспорттың 97 пайызы қайта өңделген өнім үлесіне тиесілі. Облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін агрокарта әзірленді. Оның мақсаты - экспорттың өсуін және өзіндік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қазақстан Президентінің Қызылорда облысына жұмыс сапары басталғанын бұған дейін хабарлаған едік.

14 мамыр 2019 ж. 49 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (1537)

21 мамыр 2019 ж.

№37 (1536)

18 мамыр 2019 ж.

№36 (1535)

14 мамыр 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 3 288 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам