Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Президент: Қызылордалықтардың жалақысын өсіру - Үкімет пен облыс әкімінің басты міндеті

Президент: Қызылордалықтардың жалақысын өсіру - Үкімет пен облыс әкімінің басты міндеті

   Қызылорда облысы тұрғындарының жалақысын өсіру - Үкімет пен облыс әкімінің басты міндеті. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыс жұртшылығымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпаратАқорданың Twitter-дегі аккаунтына сілтеме жасап.
«Сыр бойы - елдің әл-ауқатын еселеп, халқымыздың бақ-берекесін арттырған өңір! Қызылорда - халықтың тағдырлы шешімдері қабылданған қала», - деді Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, республикалық деңгеймен салыстырғанда Қызылорда халқының тұрақты табысы әлі де төмен.
«Мәселені бір күнде немесе бір айда шешу мүмкін емес. Мен мұны түсінемін. Бірақ, жағдайды өзгерту керек. Аймақтағы азаматтардың жалақысын өсіру - Үкімет пен облыс әкімінің басты міндеті», - деді Қ.Тоқаев.
Сондай-ақ атап өтілгендей, қоғамды мазалайтын келесі мәселе - азаматтарымыздың еңбек құқығы.  Мемлекет басшысының айтуынша, әсіресе, шетелдік компанияларда жұмыс істеп жатқан қазақстандықтардың мүдделерін қорғау маңызды.
Бұдан бөлек, Қ.Тоқаев Елбасының бастамасымен іске қосылған барлық әлеуметтік бағдарламалар толық жүзеге асырылатынын және олардың ауқымы кеңейе түсетінін атап өтті.
«Әлеуметтік саясатты одан әрі тиімді жүзеге асыруға қосымша 2 трлн теңге бөлеміз. Көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға 40 мың жалдамалы пәтер салынады», - деді ол.
Президенттің сөзінше, биыл «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында білім, денсаулық сақтау, мәдениет, жол құрылысы салаларында құны 1,7 миллиард теңге болатын 60 жоба жоспарланған. «Облыс әкіміне оларды өз уақытында әрі тиімді жүзеге асыруды тапсырамын», - деді Қ.Тоқаев.  
14 мамыр 2019 ж. 229 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53 (1552)

13 шілде 2019 ж.

№52 (1551)

10 шілде 2019 ж.

№51 (1550)

06 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 250 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам