Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Президент Байқоңырда арнайы экономикалық аймақ құруды тапсырды

Президент Байқоңырда арнайы экономикалық аймақ құруды тапсырды

   ҚР Үкіметі мен Қызылорда облысының әкімдігі Байқоңырды дамытудың тиімді тетіктерін айқындап, қысқа уақыттың ішінде арнайы экономикалық аймақ құруы қажет. Бұл жайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақорданың Тwitter-дегі аккаунтына сілтеме жасап.
«Байқоңыр қаласының инфрақұрылымын жаңғырту басталды. 30 жылдың ішінде бұл жерде алғаш рет көпқабатты үй мен медициналық орталық салынды. 5 мектеп қазақстандық стандарт бойынша білім беруге көшті. Коммуналдық желілерді жөндеп, 6 тұрғын мен мектеп салу жоспарланған», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының жұртшылығымен кездесу барысында.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Байқоңырды дамытудың тиімді тетіктерін әзірлеу қажеттігіне назар аудартты.
«Үкімет пен әкімдік Байқоңырды дамытудың тиімді тетіктерін айқындап, қысқа уақыттың ішінде арнайы экономикалық аймақ құруы қажет. Ғарыш айлағының ауқымы мен бірегейлігі бізге алдыңғы қатарлы компаниялармен және перспективалы технологиялық стартаптармен жұмыс  істеу үшін тамаша мүмкіндік береді», - деді Қазақстан  Президенті.
14 мамыр 2019 ж. 42 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (1537)

21 мамыр 2019 ж.

№37 (1536)

18 мамыр 2019 ж.

№36 (1535)

14 мамыр 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 3 288 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам