Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "Жындыханадан көруге болады": Ұстаздар жайлы әзілдеген "Нысана" қатаң сынға ілікті

"Жындыханадан көруге болады": Ұстаздар жайлы әзілдеген "Нысана" қатаң сынға ілікті

  Елімізге белгілі шымкенттік "Нысана" театры қатаң сынға ілікті. Мұғалімдер туралы әзілдеген жігіттер жұрттан кешірім сұрауға мәжбүр болды деп хабарлайды "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Сахнада екі аяғының арасынан бір-біріне қарап, мұғалім мен оқушының рөлін ойнаған әзілкештерді бағдарламаға келген қонақтар әбден сынады.
Олар болашақ ұрпақты осылай тәрбиелеу қажет пе деген мәселені ортаға салды.
"Екі аяғының астынан оқушыға қарап тұрған мұғалімді жындыханадан ғана көруге болады", "Бес еркектің біреуі міндетті түрде әйел образын алып шығады", "Мұғалімді мазақ қылып көрсетуге болмайды", "Нысанамызға "Нысана" театры ілігіп қалған сияқты", "Болашаққа тәрбиелеп отыр ма мыналар?", -деді студияға келген меймандар.
Ал жобада өз пікірін білдірген Есен Елеукен "Нысана" жігіттерінің "Жайдарманда" жүрген сәттерін еске алды.
"Бұрын "Жайдарман" ойнап жүрген кезінде жап-жақсы балалар еді. Кейін театрға кетті. Бұл жөнінде енді Әбунасыр мырзадан сұраңыздар",- деді ол.
Өз қателіктерін түсінген "Нысаналықтар" баршадан кешірім сұрады.


14 мамыр 2019 ж. 385 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53 (1552)

13 шілде 2019 ж.

№52 (1551)

10 шілде 2019 ж.

№51 (1550)

06 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 250 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам