Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Зейнетақы жинағын кредитті жабуға немесе басқа мақсаттарға пайдалану туралы

Зейнетақы жинағын кредитті жабуға немесе басқа мақсаттарға пайдалану туралы

  Ұлттық банк өкілі зейнетақы жинақтарын басқа мақсатқа пайдалануға рұқсат берілсе, біреулер зейнетақысыз қалуы әбден мүмкін екенін айтты. ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақшасын баспанаға немесе кредитті жабу үшін пайдалануға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Мен өзім зейнетақы жинақтарын кредитті жабу үшін пайдалануға қарсымын. Бұл – менің жеке пікірім. Иә, неше түрлі жағдайлар болады. Қаржылай қиындықтар болғанда несие алуға тура келеді. Кепілдік те бар. Ал кредитті ақшамен, я болмаса, кепілдікпен өтеу керек. Бірақ БЖЗҚ-дағы жинақтар зейнетке шыққаннан кейін керек қой. Мәселен, ол ақшаны пайдалануға рұқсат берілсе, несие алған адам зейнетақы жинақтарын жұмсап, кепілдіктен де айрылуы мүмкін. Меніңше, ондай жағдайда зейнетақы жинақтарын кредитті жабу үшін пайдаланған қисынсыз сияқты", - деді Смоляков журналистерге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, барлық қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары бірдей емес. Ал оны басқа мақсаттарға пайдалануға рұқсат берілсе, біреулер зейнетақысыз қалуы әбден мүмкін.
"Негізі, осы мәселелердің бәрі пысықталуда. Жалпы, зейнетақы жүйесіне қатысты жұмыстар атқарылып жатыр. Иә, оның бәрін қарастырып жатқанымызға біраз уақыт болды. Дегенмен, күзге таман алдын ала қорытынды болады деген ойдамын", - дейді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.
sputniknews.kz
15 мамыр 2019 ж. 123 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (1537)

21 мамыр 2019 ж.

№37 (1536)

18 мамыр 2019 ж.

№36 (1535)

14 мамыр 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 3 288 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам