Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "Балапан" арнасының кішкентай жүргізушісі жол апатынан көз жұмды

"Балапан" арнасының кішкентай жүргізушісі жол апатынан көз жұмды

   "Балапан" телеарнасының 13 жасар жүргізушісі Құтжан Бағлан жол апатына түсіп, мерт болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Қайғылы қаза жайлы әдебиет сыншысы Елдос Тоқтарбай Facebook парақшасында мәлім етті.
"Талантты бала еді. Рамазан айында дұға етіп едік. Орны толмас өкініш, қысқа ғұмыр. Не деген ауыр еді... Алла алдынан жарылқасын! Ата- анаңа, туғандарыңа сабыр берсін", - деп жазды Елдос Тоқтарбай.
"Балапан" телеарнасының директоры Мақпал Жұмабай да жеткіншектің қазасына қайғырып, оның жақындарына көңіл айтты.
"Көзін ашады" деп қанша сенсек те, Бағлантай бүгін арамыздан кетіп қалды... Кіп-кішкентай болып, өзің жақсы көрген, қызмет істеген "Балапан" телеарнасы үшін қаншама еңбек сіңірдің. "Ойлан, тап!", "Біз де бала болғанбыз", "Қуыр, қуыр, қуырмаш", "Дұрыс-бұрыс" бағдарламаларын жылдар бойы жүргіздің.
Өнердегі, спорттағы, білімдегі жетістіктерің қаншама! Сенің осы қып-қысқа ғұмырың, жеңіс пен жетістікке толы, арманға толы, еңбекке толы 13 жылың бәрімізге үлгі. "Балапан" телеарнасы және оның миллиондаған көрермені сені ешқашан ұмытпайды! Мағыналы ғұмырың үшін рахмет, қош бол, құлыншақ... Бағланның ата-анасына, "Балапан" ұжымына қайғырып көңіл айтамын", - деп жазды Мақпал Жұмабай Facebook парақшасында.
Еске сала кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде Құтжан Бағланның апатқа түсіп, ауыр жағдайда жатқаны мәлім болды.


16 мамыр 2019 ж. 142 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (1537)

21 мамыр 2019 ж.

№37 (1536)

18 мамыр 2019 ж.

№36 (1535)

14 мамыр 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 3 288 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам