Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Келешектің кілті – зерделі ұрпақтың қолында

Келешектің кілті – зерделі ұрпақтың қолында

  Бүгінде Қызылорда даму мен жаңғырудың жаңа жолына түскен әсем қаланың біріне айналды. Әсіресе, шырайлы шаһарды жастар қаласына айналдыру үшін маңызды бастама мен ауқымды жоба қолға алынып келеді. Өңірімізде өскелең ұрпақтың заманауи біліммен қамтамасыз етілуіне барлық жағдай жасалған. Соның бірі –  ІТ саласын дамыту.  Бұл – заман талабы. Осы орайда, облыс орталығында «IT IMAQORDA балалар технопаркі» ашылған болатын. Аталмыш орталық оқушыларды озық ойға жетелеп, зияткерлік қабілетін шыңдауға, инно­­вациялық жоғары техноло­гия­­ға қызығушылығын арттыру мақсатында қолға алынған.
Жас ұрпақтың жаңа технологияны еркін меңгеруіне облыс басшылығы қолдау жасады. Технопарктің жобалық жол картасына облыстық бюджеттен 60 млн. теңге қаржы бөлініп, оның толыққанды жүзеге асуына мол мүмкіндік жасалды. Бүгінгі таңда мұнда жас жеткіншектердің ақпараттық-техника­лық бағытта шығарма­шы­лы­ғын дамыту мақсатында 12 кабинет жасақталған. Онда 150-дей оқушы аталмыш саланы игеруге талпынып, білімін шыңдауда. Мұнда радиоэлектроника және практикалық электротехника, робототехника және 3Д модельдеу, авто-мото модельдеу, 3Д визуализация, жобалау және VR/AR бағдарламалау, архитектуралық дизайн, «Publickzo» медиа кабинеті сынды түрлі заманауи бағыттағы сыныптар бар.
Айта кеткен жөн, қаламыздағы бірқатар білім ордалары ІТ бағытында оқытуда алғашқы қадамдар жасады. Мәселен, №3 ІТ-лицейі мен «Мұрагер» мектебінде 13 млн.768 мың теңгеге 3D лабораториялары мен 9 млннан астам қаржыға 2 цифрлы білім беру кабинеттері жабдықталды. Жас құ­рақтай желкілдеп өсіп келе жатқан жеткіншектердің робототехникаға деген талапты мақсаттарынан ертеңгі күні еліміздің атағын шығарар даңқ­ты тұлғалар шықпасына кім кепіл?! Қысқасы, біздің заманымыз – робототехника заманы десек артық болмас. Қазіргі таңда бүкіл дүние жүзінде робототехника ғылымы кең қолданыс тапты. Яғни, ХХІ ғасыр – робототехниканың заманы. Экономикамызды ілгерілету үшін осы салаға терең ден қоюымыз қажет. Жаңғырудың үшінші белесіне жүктелген робототехника саласы Сыр елінде де қарқынды дамуда.
Болашақ тың дүниелерді меңгерген өрендердің қолында. Сондықтан да оқушылар жаңа технологияларды толыққанды меңгеріп шығады. Ал, оны меңгерген ұрпақ көштен қалмай, еліміздің көркеюіне үлес қосары сөзсіз.
Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ.
16 мамыр 2019 ж. 38 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (1537)

21 мамыр 2019 ж.

№37 (1536)

18 мамыр 2019 ж.

№36 (1535)

14 мамыр 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 3 288 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам