Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ақындар айтыстан түскен қаржыны үш бала асырап алған ақтөбелік азаматқа берді

Ақындар айтыстан түскен қаржыны үш бала асырап алған ақтөбелік азаматқа берді

  Елімізге танымал ақындар Ақтөбеде өткен айтыс кешінен жиналған қаражатты төрт баланы асырап отырған Нұржан Есекеев есімді азаматқа табыс етті деп жазады Aktobenews.kz.
Төрт баласының үшеуін асырап алған азаматқа өнер иелері қасиетті айда 500 мың теңгенің сертификатын берген.
Елді аралап жеке кештерін беріп жүрген танымал айтыскер ақындар - Балғынбек Имашев, Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тоқамысова, Жандарбек Бұлғақов 13 мамыр күні Ақтөбе қаласына аялдаған.
"Жүрген жерімізде халыққа билет сатқандағы мақсатымыз - бір пайда табайық" деген ой емес. Түскен пайданы сол елдегі мұқтаж жандарға тапсырып келеміз. Талдықорғаннан бастап, пәтердің кілтін бердік. Ақшалай сыйладық. Бос жүрмей жас дарындарды, өнерпаздарды да қолдап жүрейік деген ниетіміз бар.Біздің Ақтөбеден шыққан Димашымыз бүкіл әлемді шулатып жүр. Ақтөбе өңірінен әлі талай Ахмет Жұбановтар шығатынына күмәніміз жоқ. Бүгін сондай бір қайырымдылық шарасын жасағымыз келіп отыр.Ахмет Жұбанов атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестірінің әртісі, төрт баланың әкесі Нұржан есімді бауырымызға қаржылай көмек көрсеткіміз келеді. Өзі қайырымдылық жолында жүрген жігіт. Үш баланы асырап алған", - деді айтыскер ақын Балғынбек Имашев ағынан жарылып.

16 мамыр 2019 ж. 175 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (1537)

21 мамыр 2019 ж.

№37 (1536)

18 мамыр 2019 ж.

№36 (1535)

14 мамыр 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 3 288 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам