Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІНЕ ЕСКЕРТКІШ-БЮСТ АШЫЛДЫ

ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІНЕ ЕСКЕРТКІШ-БЮСТ АШЫЛДЫ

Қызылорда қаласындағы №235 орта мектепке көрнекті қоғам қайраткері, соғыс ардагері Көмекбай Қаракөзовтің атын беріп, ескерткіш бюстының ашылу салтанаты өтті.
Облыс әкімі Қ.Көшербаев мектеп ұжымын құттықтап, атақты жерлесіміздің есімін абыроймен алып жүруге тілектес екенін жеткізді.
- Бар өмірін Сыр бойының өркендеуіне арнап, адалдық пен қажырлықты ғұмырының туы еткен үлкен өнеге иесі Көмекбай Қаракөзов - қабырғалы қайраткер. Бес жасында әке-шешеден бірдей айырылып, жетім қалған бала тағдырдың тауқыметін бір адамдай-ақ тартса да, ертеңге үмітпен қарап, тез жетілді. Азамат болып, ат арқасына ерте мінді. Ауылшаруашылық саласында басшылық қызмет атқарып жүріп, ел басына күн туған алмағайып сәтте Отан қорғауға аттанды. Әр жылдары облыстың Қазалы, Қармақшы, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған аудандарын басқарған Көмекбай Қаракөзов соғыстан кейінгі ел тұрмысын түзеді. Шиелі ауданын басқарған жылдары ауданда 30-дан астам диқан Социалистік Еңбек Ері атанса, 130 еңбеккер түрлі орден, медальдармен марапатталды. 2 мәрте Социалистік Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты даңғайыр диқан Ыбырай Жақаев «Дала академигі» атанады, - деп атап өтті облыс әкімі.
Салтанатты шараға қатысқан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Шаухаманов пен еңбек ардагері С.Далдабаев К.Қаракөзовтің ескерткіш бюстының ашылуымен құттықтап, өнегелі өмірі, жарқын істері, өшпес іздері туралы айтып берді.
Анықтама: Көмекбай Қаракөзов 1915 жылдың сәуір айында Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Көларық елді мекенінде дүниеге келген. Әке-шешеден бес жасында жетім қалып нағашысының тәрбиесінде болады. 1935 жылы Қазалы зоотехникум бітіріп, 1938 жылдың басында Қазалы аудандың ауылшаруашылық бөлімінің бастығы қызметінен бастайды.1939 жылы Қызылармия қатарына шақырылып, Финляндия және Ұлы Отан соғысына қатысады.1949 жылы Жоғарғы партия мектебін бітірген Көмекбай Қаракөзов ұзақ жылдар бойы Қазалы, Қармақшы, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған аудандық партия комитеттерін басқарды. 1965 жылдан облыстық бірнеше шаруашылық мекемелерін басқарып, 1983 жылы Құрметті еңбек демалысына шықты. Облыста күріш дақылынан мол өнім жинауға үлкен үлес қосады. Шиелі ауданын басқарған жылдары, 30-дан астам диқан Социалистік Еңбек Ері, Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталады. Ыбырай Жақаев «дала академигі» атанады.Көмекең «Еңбек Қызыл Ту», Құрмет белгісі ордендерімен, бірнеше медальдарымен, 5 рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамоталарымен марапатталған. Жұбайы Қаракөзова Жамал Қазақ КСР оқу ағарту ісінің озаты, 47 жыл ұстаздық еткен Республикаға еңбек сіңген дербес зейнеткері еді. Көмекбай Қаракөзов жұбайымен 65 жыл отасып, бала тәрбиелеп өсірді.


20 қараша 2017 ж. 1 497 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (1640)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (1639)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (1638)

19 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 978 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам