Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада білім бөлімі тұрмысы төмен отбасына баспана салып берді

Қызылордада білім бөлімі тұрмысы төмен отбасына баспана салып берді

  Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшылығы мен мектеп директорлары тұрмысы төмен отбасына баспана салуға қолдау көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мұндай қамқорлық Қызылорда қаласындағы «Арай» мөлтек ауданында тұратын екі баланың анасы Гүлсара Қуанышбаеваға жасалды. Бұл отбасы он жылдан бері қабырғасы ажырап тұрған тұрғын үйде өмір сүріп келген еді. Олардың тұрмыстық жағдайы қиын болатын. Отағасы Тұрсынбай Тайыров айықпас дертке шалдыққан. Соның салдарынан жұмыс істей алған жоқ. Былтыр өмірден озды. Екі қызымен қалған Гүлсара Қуанышбаева «Қызылорда тазалығы» мекемесінде еңбек етеді. Дегенмен денсаулық жағдайына байланысты кейде жұмысқа шыға алмай қалады.
Бұл отбасының екі қызы Қызылорда қаласындағы №278 мектепте білім алады. Қалалық білім бөлімінің басшылары сол екі қыз арқылы аталмыш отбасының тұрмыстық жағдайымен танысты. Осылайша қалалық білім бөлімі мен оған қарасты мектеп директорлары тұрмысы төмен отбасына жаңа баспана салып беруге шешім қабылдады. Нәтижесінде жақында  Гүлсара Қуанышбаева мен екі қызы жаңа баспаналы болды.
«Бұл іс қалалық білім бөлімінің бастамасымен қолға алынды. Рамазан айында бір отбасына қуаныш сыйлап отырмыз. Аталмыш істі былтырдан бастап қолға алған болатынбыз», - деді  қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Жанат Камитова.
Айта кетерлігі, тұрғын үйдің барлық құжаттары толықтай рәсімделді. Сондай-ақ, газ, су және жарық жүйелерімен толықтай қамтамасыз етілді.
29 мамыр 2019 ж. 1 006 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (1659)

31 шілде 2020 ж.

№57 (1658)

28 шілде 2020 ж.

№56 (1657)

25 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 801 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам