Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "Жұдырықпен бір қойды": Данагүл Темірсұлтанованың қызын бейтаныс жігіттер соққыға жыққан

"Жұдырықпен бір қойды": Данагүл Темірсұлтанованың қызын бейтаныс жігіттер соққыға жыққан

Белгілі актриса Данагүл Темірсұлтанованың қызы Айым Сейтметті екі ер адам соққының астына алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Salem Beauty бағдарламасына сілтеме жасап.


Бұл жайлы актриса Данагүл Темірсұлтанованың өзі айтып берді. Өнер иесінің қызы, Yuframe жобасының қатысушысы Айым Сейтмет бұл жағдайды растаған. Басында анасы Айымның актриса болғанын құптамағанын жасырмады. Алайда, жүрегінің қалауын орындауға рұқсат еткен.
Данагүл Темірсұлтанова қызы Айым Сейтметтің сомдаған рөлдері үшін таяқ жеп қалатынын айтып ашынады. Актриса сондай оқиғалардың бірін баяндап берген болатын. 
"Бұл сұмдық жағдай болған. Айым бір мейрамханада отырғанда екі жігіт "Сіз Yuframe-дегі Айымсыз ба?" деп сұрап, жұдырықпен бір қойғанын  айтып бергені есімде", - дейді Данагүл Темірсұлтанова.
Айым Сейтмет өзін соққының астына алатындардың бар екенін жасырмады. Бірақ, жас актриса бұл жағдайдың себебін түсіне алмай әлек.
"Бір ретте басымнан бөтелкемен ұрған. Екінші жағдайда мені түнде соққыға жықты. Тіпті менің жаман рөлдерім болса да, ешкімнің ала жібін аттамадым. Вайндарымда жаман кейіпкерді ойнағаным есімде жоқ және ешқандай негатив болмаған сияқты", - дейді Айым Сейтмет.
05 маусым 2019 ж. 776 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (1564)

23 тамыз 2019 ж.

№64 (1563)

20 тамыз 2019 ж.

№63 (1562)

17 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 967 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам