Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Нұр-Сұлтанда мектеп директоры жертөледе бильярд ашып алған

Нұр-Сұлтанда мектеп директоры жертөледе бильярд ашып алған

Бильярд№15 мектеп-лицейінің әкімшілігі бильярд үстелі мен жұмсақ жиһаз қойып, арнайы "спорттық үйірме" ашқан
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұр-Сұлтанда мектеп директоры заңсыз бильярд залын ашқанын анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қалалық департаменттің басшысы Жазира Жылқышиеваның айтуынша, бүгінде қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы өз нәтижесін бере бастаған. Оған шағым түсіретін азаматтардың басым бөлігі мектептерде заңсыз ақша жинау және тағы басқа мәселелер бойынша арызданады. Жақында елорданың №15 мектеп-лицейіне қатысты анонимді шағым түскен. Нәтижесінде директор жертөледе бильярд залын ашып қойғаны анықталыпты. 
"Сол күні мамандар мектепке барып, тексеріс өткізді. Аталған факт расталды. Жертөледе бильярд үстелі мен жұмсақ жиһаз қойған. Мектеп әкімшілігі болса, оқушылар үшін бильярд үйірмесін аштық деп ақталды. Иә, бильярд – спорттың бір түрі. Алайда ол кабинетті шынымен де балалар үшін ашты ма? Оны әлі де анықтау қажет", - деді Жылқышиева бүгінгі баспасөз мәслихатында.
Департамент басшысының сөзіне қарағанда, ол мектептегі бильярд оқушылар үшін ашылған үйірмеге еш ұқсамайды. Себебі ата-аналар мен балаларға көрінбейтін жерде орналасқан.
"Қазіргі кезде барлық мән-жайды анықтап жатырмыз. Содан кейін тағы нақты түсініктеме береміз. Негізі, қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы арқылы біраз мәселені анықтауға мүмкіндік бар. Биыл тура сондай карта Шымкент пен Алматыда енгізіледі. Әзірше, https://publicbudget.kz сілтемесі бойынша арыз-шағым жолдауға болады", - деп атап көрсетті Жылқышиева.
06 маусым 2019 ж. 247 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№47 (1546)

22 маусым 2019 ж.

№46 (1545)

18 маусым 2019 ж.

№45 (1544)

15 маусым 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 3 939 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам