Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Атаулы әлеуметтік көмек тұрақты негізде берілетін болады

Атаулы әлеуметтік көмек тұрақты негізде берілетін болады


Атаулы әлеуметтік көмек беру алдағы уақытта да жалғасын табады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақов мәлімдеді.
Бүгінгі таңда жәрдемақы алуға Қызылорда облысы бойынша 40 мыңнан астам көп балалы, аз қамтылған отбасылар жүгінген және алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасады.
"Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде «ҚР Президенті сайлауынан кейін атаулы әлеуметтік көмек төлеу тоқтатылады» деген алып қашпа әңгімелер таратылуда. Бұл - жалған ақпарат", - деп атап өтті Қ.Ысқақов.
Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, 1 сәуірден бастап облыс бойынша атаулы әлеуметтік көмекке 40285 отбасы жүгінді, 19721 отбасынан өтініштер қабылданып, 20564 жанұяға кеңестер берілді. Облыс бойынша сәуір айында 16193 отбасындағы 79004 адамға 2,1 млрд. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек берілді.
Мамыр айында 6755 отбасының өтініші қабылданды. 4332 жанұяға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, оларға 189,4 млн.теңге төленді.
"Қазір маусым айы үшін төлемдер жүргізіліп жатыр. 20 маусымға дейін 100 пайыз төленетін болады", - деді аймақ басшысының орынбасары.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 5 сәуірінде «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізіліп ҚР Президентімен қол қойылған.
"Биылғы жылға атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге бюджеттен 9,6 млрд. теңге қаражат бөлінді. Қосымша республикалық бюджеттен 5,2 млрд.теңгеге сұраныс берілді", - деді Қуанышбек Ысқақов.
Естеріңізге салайық, ақпан айында "Нұр Отан" партиясының XXVIII съезінде Елбасы мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға қамқоршылар мен отбасыларға жәрдемақыны 30 пайызға көтеруді тапсырған болатын.
Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап 5529 мүгедек бала тәрбиелеп отырған жәрдемақы алушылардың жәрдемақы мөлшері 31183 теңгеден 40538 теңгеге арттырылады. Бұл үшін қосымша құжаттарды ресімдеу қажет емес, төлемдер автоматты түрде көбейеді. Жәрдемақы әр айдың 1-15 аралығындағы жұмыс күндері төленеді.
06 маусым 2019 ж. 279 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (1564)

23 тамыз 2019 ж.

№64 (1563)

20 тамыз 2019 ж.

№63 (1562)

17 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 967 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам