Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "Маған сөйлемесін": Автобуста қарияны балағаттаған полицей іздестіріліп жатыр (видео)

"Маған сөйлемесін": Автобуста қарияны балағаттаған полицей іздестіріліп жатыр (видео)

Желіде полиция қызметкерінің автобустағы жолаушылармен дауласқан видеосы тарады. Видео павлодарлық ақпараттар паблигінде жарияланған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 
Видеодағы жолаушылардың сөзінен байқалғандай, тәртіп сақшысы қарияға бейәдеп сөздер айтып, балағаттаған. Сонымен қатар оның өзіне ұрысқан жолаушылармен дауласқаны көрінеді.
«Неліктен адамдардың құқығын бұзасың? Неге автобуста отырып адамдарды балағаттайсың?» - дейді жолаушы полицейге.
«Маған сөйлемесін», - дейді ашуланған тәртіп сақшысы.
Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер айтылады!
 
Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Жанна Билялова видеодағы диалектінің аталған өңірге тиесілі еместігін бірден айтты. 
«Дәл осы видеоны Павлодардағы барлық автопарктерге жібердік. Тексеруден кейін өңірде №20 маршруттың жоқ екені белгілі болды. Яғни Павлодар облысы полиция департаментінде мұндай қызметкер де, мұндай да автобус та жоқ», - деді ол. 
Әлеуметтік желі қолданушылары өз кезегінде видеоның Алматы қаласында түсірілгенін және бейнежазбадағы әйелдің авторлығында дәл осындай көптеген видео бар екенін айтуда.
13 маусым 2019 ж. 1 396 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (1569)

10 қыркүйек 2019 ж.

№68 (1567)

03 қыркүйек 2019 ж.

№67 (1566)

30 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 5 702 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам