Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ұшырса ұямыз, қалайша қиямыз?

Ұшырса ұямыз, қалайша қиямыз?

Құшақтары гүлге,  жанарлары қуанышқа, жүректерінен қимастық сезім байқалатын түлектер алтын ұя мектебінен аттестат алатын кезде келіп жетті. Олардың әрбірінен ерекше еркелік байқалады. Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп , мектеп қабырғасын аттаған ұл-қыздар, ойы толып, білім нәрімен сусындап, кәмелеттік аттестат алуға, алтын ұя мектебімен қоштасуға келіп отыр.
         Қаламыздағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандырылған сыныптары бар «Мұрагер» мектебінің түлектеріне қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аттестат табыстады.
Салтанатты кеште ғасырлық тарихы бар білім ошағында 100-ге жуық оқушы үлкен өмірге қадам басты. Оларға қала әкімі ізге ниетін жеткізді.
 – Сіздер бүгіннен бастап үлкен өмір жолын бастайсыздар. Сол секілді қаламызда 1 725 оқушы жаңа өмірге жолдама алса, 1 315 түлек ҰБТ-де бағын сынамақ. Оның ішінде 121 оқушы «Алтын белгігі» және 101 түлек «Үздік аттестатқа» үміткер. Сол тілектер ақталып,  сенімді ақтайды деген ниеттеміз. Қазіргі таңда кемел білім мен ғылымды басты бағдар еткен елімізде, әр азаматтың нақты маман болып қалыптасуына барлық жағдай жасалған. Сапалы тәрбие мен білім берген ұстаздар үмітін ақтап, аянбай еңбек етеді деп сенеміз. Ересек өмірге аттанған қадамдарың сәтті болғай. Өңіріміздің абыройын асқақтатар өрен ұрпақ ретінде танылып, биіктен көрініңіздер, – деді Н.Нәлібаев.

«Мұрагер» мектебін инновациялық бағыттағы жобаларды жүзеге асыруда Сыр өңірін әлемге танытып жүрген жас өреннің бірі Евгений Демиденко бітіруде. Салтанатты кеште ол ұстаздар қауымына алғысын білдіріп, өңірімзді дамытуға өз үлесін қосуға дайын екенін айтты.
 – Алғаш қолыма қалам ұстатып, жазу-сызуды үйретіп, әріп танытқан ұстаздар еңбегін ұмытпаймын. Оларға деген ризашалығымыз шексіз. Мұғалімдердің балалығымызды кешіріп, дұрыс жолды таңдай білуге сіңірген еңбегі зор. Жас түлектерге ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруда сәттілік тілеймін. Болашақ – жастардың қолында. Жаңа өмірдегі жолдарыңыз ашық болсын, – деді жас түлек Евгений Демиденко.
Алдарында сан тарау жолдар күтіп тұрған балаларының салтанатты кешіне ата-аналар жиналған.
 – Білімнің бас асылын арнап, ұрпағымызға аянбай еңбек еткен ұстаздар қауымына алғысымыз шексіз.  Құшақ жая шәкірттерін қарсы алған мұғалімдері бүгін оқушыларын қимастықпен шығарып салуда. Қызым Жансая Кәрібоз «Алтын белгі» иегері. Ата-ана, ұстаз үмітін ақтап мектепті қызыл аттестатпен бітіріп жатқанына қуаныштымын. Енді ұлттық бірыңғай тестілеуге барынша назарды саламыз. Ақпараттық технология саласы бойынша мамандық алғанды қалайды. Физика пәніне қызығушылығы жоғары. Осы бағытта бағын сынап көрмек, – дейді ата-ана Айжан Есіркепова.
Осылайша, алтын ұя мектебімен  қош айтысып, 97  қарлығаш жаңа өмірдің табалдырын аттауға жолдама алды. Олар жүректері лүпілдеп, сезімге толы жанарлары мөлдіреп мектебімен қимай қоштасты. Сапарлары сәтті болғай...
Айтолқын АЙТЖАНОВА.
13 маусым 2019 ж. 189 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№47 (1546)

22 маусым 2019 ж.

№46 (1545)

18 маусым 2019 ж.

№45 (1544)

15 маусым 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 3 937 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам