Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылорда облысының демографиялық ахуалы

Қызылорда облысының демографиялық ахуалы

Kyzylorda-news.kz. 2019 жылдың 1 мамырына облысымыздағы халық саны 797,6 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 353,7 мың (44,3%), ауылдықтар – 443,9 мың адамды (55,7%) құрады. 2018 жылдың 1 мамырымен салыстырғанда халық саны 10,9 мың адамға немесе 1,4%  өсті, деп хабарлайды облыстық статистика департаменті.

 АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілер жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2019 жылғы қаңтар-сәуірінде туылғандар саны 5920 адамды құрады, бұл 2018 жылдың қаңтар-сәуіріне қарағанда 2,0% аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 22,53 туылғандарды құрады.
2019 жылғы қаңтар-сәуіріндегі облыс халқының табиғи өсімі 2018 жылғы қаңтар-сәуірімен салыстырғанда 158  адамға немесе 3,4% кеміп, 4458 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 16,97 адамды құрады.
Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 1462 адамды құрады, бұл 2018 жылғы қаңтар-сәуіріне қарағанда 2,4% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 5,56  қайтыс болғандарды құрады. 2019 жылғы қаңтар-сәуірде облыста 1 жасқа дейінгі 55 нәресте өлімі тіркелді. 2018 жылғы қаңтар-сәуірімен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 3,5% азайған.   Нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 9,29% құрады.
Алдын-ала алынған деректер бойынша 2019 жылғы қаңтар-сәуірдегі көші-қон алмасуы нәтижесінде Қызылорда облысынан  16798 адам кетіп, облысқа 15617 адам келді. 2018 жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда облысқа келгендер саны 40,1%, ал облыстан кеткендер саны 38,0%  көбейген.
Алыс және жақын шет елдерден   8 адам  (2018 жылғы қаңтар-сәуірінде – 14  адам), республиканың басқа облыстарынан 3152 адам келсе, өткен жылдың сәйкес кезеңінде  2720 адам келген болатын.  
Облыстан 4323 адам немесе жалпы көлемнің 25,7% көшуі көбінесе республиканың басқа облыстарына кетуге байланысты болды (2018 жылғы қаңтар-сәуірінде тиісінше 3743 адам немесе 30,7% кеткен болатын).
 Алыс және жақын  шет елдерге 18 адам, ал 2018 жылдың қаңтар-сәуірінде  17 адам көшті.  Сыртқы және ішкі көші-қон нәтижесінде 2019 жылдың қаңтар-сәуірінде 1171 адамға, 2018 жылғы қаңтар-сәуірінде 1023 адамға кему қалыптасқан.
Облыстың 12457 тұрғыны Қызылорда  аумағында тұрғылықты орнын ауыстырды (2018 жылғы қаңтар-сәуірінде 8412 адам).
13 маусым 2019 ж. 314 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (1569)

10 қыркүйек 2019 ж.

№68 (1567)

03 қыркүйек 2019 ж.

№67 (1566)

30 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 5 702 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам